13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ОРДАБАСЫДА «COWORKING» ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

24 мая, 2023
in Жаңалықтар
0
ОРДАБАСЫДА «COWORKING» ОРТАЛЫҒЫ  АШЫЛДЫ
12
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Ордабасы аудандық білім бөліміне қарасты «Қарақұм» жалпы орта мектебінде облыстық білім беруді дамыту орталығының жұмыс жоспарына сәйкес «Білім беру жүйесінде кітап оқу арқылы ұлттық құндылықтарды қалыптастырудың жаңашылдығы» тақырыбында облыстық тәжірибелік семинар болып өтті.
Семинар мақсаты: «Оқуға құштар мектеп-оқуға құштар ұлт жобасы аясында мектеп кітапханашыларының кәсіби біліктілігін жетілдіру, оқырман талабына сай кітапхана қызметін тиімді ұйымдастыру, заманауи әдіс-тәсілдерді енгізу мақсатында кітап оқудың бүгінгі ұрпаққа құнды тарих, ұлы шежіре болып мұраға қалған асыл қазына екенін ұғындыра отырып, кітап оқуға қызығушылығын арттырудағы озық инновациялық жұмыстарды насихаттау және заманауи «Covorking» орталығын ашу.
Семинарға облыстық білім беруді дамыту орталығының әдіскері Ақмарал Темірбаева және аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы Шұға Тұрмаханбетқызы қатысып, «Covorking» орталығын ашылу салтанатында лента қию рәсімін жасады. 17 ауданнан келген кітапхана ісінің мамандары білікті мамандардың сабақтарына қатысып, жаңашыл әдіс- тәсілдерімен бөлісті.

Семинарда «Кел,балалар, оқылық!» жобасы аясында өткізілген кітапханашыларының сабақтарына қатысып, тренингтер өткізілді.

Кітап – адамзат баласының сан ғасырлық ақыл-ойының, оқу арқылы жетілуінің, кемелденуінің арқасында қол жеткен дамылсыз даму үрдісінің жемісі, өткен тарихы мен өмірлік тағылым-танымының алтын сандығы. Ғабит Мүсірепов: «Кітап дегеніміз – алдыңғы ұрпақтың кейінгі ұрпаққа қалдырған рухани өсиеті. Кітап оқудан тыйылсақ, ой ойлаудан да тыйылар едік» – деуі осыдан. Әлбетте, кітапты таңдай білу, оны зейінді зеректікпен мұқият талдап оқи білу, ондағы сөздің, ойдың, түйінді тұжырымының құдіретін түсіну мен түйсіну, алған әсерлерді кейін өмірлік қажетіңе жарата білу. Бұл – әрбір адамның білігі мен білім деңгейін, пайымы мен парасатын, көреген кемел кісілігін ұдайы шынықтыра білудің озық та ұтқыр жолдарын айқындай алатын алғы шарттарының бірі.

Айта кету керек, аудан кітапханашылары осы оқу жылында көптеген жетістіктерге жетті. Атап айтқанда, «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында облыстық «KitapXan» кітап оқу жарысының ІІ айналымынан мұғалімдер және оқушылар белсенділік танытып, жүлделі орындарды иеленді.

Кітап – білім бұлағы, білім көзі. Рухани байлық кітап оқу арқылы молаяды. Ал бүгінгі таңда сала жауаптылары жас ұрпақты кітап оқуға баулуды турлі шаралар, жарнамалар арқылы жүзеге асыруды мақсат етіп отыр.

Previous Post

Созақ: Информатика пәнінен семинар сабақ өтті

Next Post

САЙРАМДЫҚ ҰСТАЗ "ТӘРБИЕ ІСІНІҢ ҮЗДІГІ" ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУЫНАН НОМИНАЦИЯ ЖЕҢІП АЛДЫ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі