13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Созақ: Информатика пәнінен семинар сабақ өтті

23 мая, 2023
in Жаңалықтар
0
Созақ: Информатика пәнінен семинар сабақ өтті
12
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Т.Әлімқұлов атындағы №14 мектеп интернат-лицейінде 18 мамыр күні информатика пәні мұғалімі Қошқарова Назира 4 «ә» сыныбымен информатика пәнінен «Электронды поштамен файлдарды қабылдау және жіберу» тақырыбында семинар сабақ өтті. Қауіпсіздік ережелері бейнеленген карточкаларды пайдаланып, информатика сыныбындағы қауіпсіздік ережелерін еске түсірді.

Интернет браузерлер арқылы топқа бөліп, көңілді смайлик арқылы сыныпта жағымды ахуал тудыра білді. Үй тапсырмасын уақыт арқылы «Classroom» әдісін пайдаланып сұрады. Сабақ барысында оқушыларға тақырыпты қарапайым әрі жеңіл түсіндіру мақсатында түрлі әдіс-тәсілдерді қолданды. Жаңа сабақты пысықтау кезінде оқушылар қоңырау арқылы жауап берді. Оқушыларға жұптық, топтық, жеке және практикалық тапсырмалар орындатты. Сабақ барысында «Тарсия» әдісі арқылы пирамида ойынын ойнатты. Оқушылар өздерін стикерлер арқылы бағалады. Көзге жаттығу жасау арқылы сергіту сәті жасалып, түрлі түсті дискилер арқылы сабаққа кері байланыс берілді. Сабақ өз дәрежесінде өтті.

Семинардың мақсаты – информатика сабағында цифрлық технологияларды тиімді пайдалану арқылы интерактивті әдістерді қолдану тәжірибесін қорытындылау, оқушылардың шығармашылық құзыреттілігін дамыту. Мұғалімнің кәсіби шеберлігі мен құзыреттілігін қалыптастыруда Lesson Study әдісін қолдану мәселелері, информатика сабағында заманауи оқыту құралдарын пайдаланудың маңыздылығы, сабақта қолданылатын онлайн платформалардың тиімділігі, информатиканы оқытудың интерактивті әдістері, инклюзивті білім берудің негіздері, құралдары мен практикалық шешімдері, шығармашылық ойлау табысқа апаратын интеллектуалды процесс ретінде.

Информатика саласы басқа ғылым салаларынан қарағанда жас ғылым. Ол күнделікті дамып отыр, басқа ғылым салаларымен тікелей байланысты талап ететін, жаңа ғасырдың жетекеші пәні ретінде өз статусын алды. «Информатиканың кешегісі мен бүгіні» деген мәселе қозғалса, ондағы айырмашылық жер мен көктей. Демек, ғылым саласы бір орында ұзақ тұрмайды екен, онда сол саланы таңдаған маманда кешегі оқыған білімімен жүре берсе, ол сол ғылым саласымен қоштастым дей беруге болады. Ақпарат ол алмасу, оны алу немесе беру тек қарым-қатынас нәтижесінде ғана емес, адам миы бұрынғы қабылдаған мәліметтерді, хабарларды, білімін өңдеу процесі. Технология деп отырғанымыз ол өнер, ол шеберлік, ол біліктілік, белгілі бір нәрсені өңдеу үшін орындалатын әрекетер тізбегі екен.

Previous Post

АРЫС: «ҮЗДІК ПЕДАГОГ - 2023» БАЙҚАУЫ ӨТТІ

Next Post

ОРДАБАСЫДА «COWORKING» ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі