«Арыс қаласының адами әлеуетті дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесіне қарасты «И.Журба атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2022-2023 оқу жылында шығармашыл ұстаздарды анықтау үшін іс-шарасы өтілді.
Іс шараның мақсаты, мұғалімдердің кәсіби беделін көтеру, оларды қолдау және көтермелеу. Сондай-ақ, мұғалімдердің әлеуметтік және қоғамдық беделін жоғарлату болып табылады.
«Шығармашыл педагогтарды анықтау және қолдау. Инновациялық педагогикалық білім беру саласының қызметтегі іс-әрекетін таратуға ықпал ету. Ел руханиятының жаңғыруына үлес қосу да бұл байқаудың басты мақсаты болып табылады»,- деді ұйымдастырушылар.
Білім беру жүйесі — қоғам дамуының негізгі бәсекеге қабілетті ел болуы үшін қазіргі өмір талаптарына сай оқушыларға сапалы білім мен саналы тәрбие беру, оларды жан-жақты дамытып қоғам алдында тұрған басты міндеттердің бірі.
Педогогтардың қоғамдағы мәртебесін және беделін арттыру,үздік мұғалімдердің озық педогогикалық іс-тәжірибесін арттыру мақсатында Арыс қаласы «Білім бөлімі»мемлекеттік мекемесінің жоспары бойынша, Облыстық жалпы білім беру ұйымдарының Өзін-өзі тану пәні мұғалімдерінің инновациялық кәсібін мәнді айқындау және тарату мақсатында «Үздік педагог» тақырыбында байқауға өтті. Мұғалім жан-жақты, жетілген, білімді, әдістемелік шығармашылығы мол, халықтық дәстүр,әдеп –ғұрыппен салт сананы кәсіби түрде меңгеру тиіс болса,байқауда бес критерии бойынша тапсырмалар берілді.
2022-2023 оқу жылының қорытындысы негізінде өскелең ұрпақты оқыту мен тәрбиелеуде жоғары жетістіктерге қол жеткізген және ұлағатты ұстаздық жолында шығармашылық ізденістерін жоғары дәрежеде танытқаны үшін тарих пәнінің мұғалімі Саметова Тамара, орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Асанова Сауле, музыка пәнінің мұғалімі Абишова Фарида жылдың «Үздік педагог-2023» номинациясымен марапатталды.
Мектептің қамқоршылық кеңесінің мүшесі, ата-аналар комитетінің төрағасы, Ақсақалдар алқа биі Қошқаров Ақынбаба демеуші болып сыйақы берді.




