Түркістан облысы Мақтаарал ауданы адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты «Қ. Қайсенов атындағы жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде мамыр айының 22-сі күні 4 сынып оқушыларының «Аттандық бала шақтан болашаққа» атты бастауышпен қоштасу мерекелік кеші өтті. Біздің оқушылар өміріне өшпес із қалдырған бастауыш сыныбымен қоштасып бір жылға тағы да есейгелі отыр.
«Қызықты да, ғаламат өзгерістер сыйлаған, білім нәрімен сусындатқан, өмірде өз жолдарын табуға жол сілтеген ұстаздарына, ата-аналарына өз өнерлерін көрсетті. Жетекшілері — Айдекова Бибайша, Есімханова Айжан апайларына алғыс білдіреміз! Шығармашылық табыстар тілейміз! Кеше ғана мектеп табалдырығын аттап, бүгінде үлкен сыныпқа бет алып отырған бастауыш сынып оқушыларын жаңа қадамымен құттықтай отырып, балалық шақтарын бақытты, болашақтарың жарқын болсын деп тілек білдіреміз!»,- деді ұстаздар.
Тәрбиенің сан салалы, күрделі мәселе-леріне терең бойлауға бастайтын, күнделікті тұрмыста кездесетін дағдылар арқылы баланың жан дүниесіне әсер ететін білім мен тәрбиенің алғашқы баспалдағы – бастауыш мектеп. Бастауыш саты – білім, дағды, іскерліктің қалыптасуының бастамасы болып табылады. Келешекте жалпы білім алу мен кез келген арнаулы мамандықтарға талпынудың іргетасы осы бастауышта қаланбақ. Сондықтан, оның сипаты мен мазмұны, оқытудың әдістері мен формалары қазіргі жағдайда жан-жақты талданып отыр. Өйткені, баланың жеке бас қасиеттері, оның адамгершілігінің, белсенділігінің қалыптасуы мектепке дейінгі тәрбие мен бастауыш сынып-тарда жүзеге аспақ. Оқушының рухани күш-қуаты мен ерік-жігерінің, шығармашылық қабілетінің, жалпы мүмкіндіктерінің ашылар кезі. Бастауыш мектептің негізгі міндеті – жеке тұлғаны дамытып, оның алғашқы қалыптасуын қамтамасыз ету, білімге деген сенімін нығайту, іскерлігі мен дүниетанымын қалыптас-тыру, оқуға деген қызығушылығын оятып, ынтасын арттыру болып табылады. Ендеше, осы міндеттерді жүзеге асыратын басты тұлға – ұстаз. Тек мықты ұстаз ғана осындай ауыр жүкті алып жүре алады.
Халқымыз әрқашан да ұстаз мәртебесін көтеріп, аса жоғары қастерлеп, бағалаған. «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға», «Адамның адамшы-лығы жақсы ұстаздан болады» деп айтқан ұлы Абай. Ал чехтің педагогы Я.А.Коменский: «Мұғалім мәңгі нұрдың қызметшісі, ол барлық ой мен қимыл әрекетіне ақылдың дәнін сеуіп, нұр құятын тынымсыз жалын иесі» деп ұстаздар қауымын жоғары бағалаған.