13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

МАҚТААРАЛ: Оқушыларға колледждегі мамандық туралы түсіндірме жұмысы жүргізілді

23 мая, 2023
in Жаңалықтар
0
МАҚТААРАЛ: Оқушыларға колледждегі мамандық туралы түсіндірме жұмысы жүргізілді
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысы Мақтаарал ауданы адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты «Н. Бекежанов атындағы жалпы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде Кәсіптік бағдар беру педагогы З.Стамкулованың ұйымдастыруымен 9-сынып оқушыларына Астана қаласындағы Мағжан Жұмабаев атындағы халықаралық колледжі туралы түсіндіру жүргізді. Аталған оқу орнының мүмкіндіктері жан-жақты баяндалып ,түрлі мамандықтардың камбинациясы баяндалды.Оқушылардың мамандық таңдауына әсер ететін үш негізгі себеп бар. Біріншісі – қоршаған ортаның ықпалы, екінші – оқушының қалауы, үшінші – қабілеті.

Мектептегі педагог — психологтың негізгі атқаратын қызметтерінің бірі оқушыларды кәсіптілікке бағыттау болып табылады. Мұндағы ең маңыздысы әр оқушы өзінің қызығушылығына, қабілетіне, бейімділігіне, қалауына сүйенуі керек. Қазіргі ғасырдың талабы қиын, нарық заманы, яғни әрбір оқушы өз — өзіне жауап беретін заман. Қоғамның талабы бойынша мамандық таңдау алдында ақыл таразысына салып, жан — жақты ойланып барып шешім қабылдауы тиіс. Таңдау жасалып, мақсат көзделгеннен кейін оған жету жоспарлары жасалып, іске асыруға белсене күресу керек екендігін психологиялық тұрғыда оқушының өзіне шешім қабылдатуға итермелеу арқылы, саналы тұрғыда өзіндік пікір қалыптастыру. Сондықтан да психология мен педагогикада аталған мәселеге көп көңіл бөлінуде.

Мамандық таңдауда әр адам өзінің қызығушылығына, қабілетіне, бейімділігіне, қалауына сүйену керек. Қазіргі таңда мамандықтың түрі көп. Таңдау жасау оңай емес. Ең бастысы – адам еңбекке қабілетті, зейінді болуы қажет және оның мамандығы өзі өскен ортаға маңызды, қоғамға үлес қосатындай болуы шарт. Оңы мен солын танып үлгермеген мектеп оқушылары мамандығын дәл таңдауы қиын. Сондықтан жастар мамандық таңдауда көбіне ата-аналарымен, ұстаздарымен ақылдасып, бір шешімге келіп жатады.

– Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ соны таңдауда дұрыс шешім қабылдай білу керек. Қарапайым сөзбен айтқанда мамандық таңдау өзің айналысқың келген жұмысты таңдаудан ғана емес, араласқың келетін ортаны қоса таңдаудан тұрады. Сол себепті әр адам өзінің қызығушылығына, қабілетіне, бейімділігіне, қалауына сүйеніп барып болашақ мамандығына аяқ басу керек,- деді педагог.

Previous Post

МАҚТААРАЛ: Оқушыларға кәсіби бағдар беру жұмыстары жүргізілді

Next Post

МАҚТААРАЛ: "Аттандық бала шақтан болашаққа" атты бастауышпен қоштасу мерекелік кеші өтті

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі