13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ОТЫРАРЛЫҚ ОҚУШЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДАНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ АТАНДЫ

23 мая, 2023
in Жаңалықтар
0
ОТЫРАРЛЫҚ ОҚУШЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДАНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ АТАНДЫ
Share on FacebookShare on Twitter

Отырар аудандық білім бөліміне қарасты Ш.Қалдаяқов атындағы мектеп-гимназияның 5-сынып оқушысы Базархан Дархан жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың математика пәнінен жүлделі ІІ-орын иеленді.

ҚР Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен 2023 жылдың 19 мамыр күні жалпы білім беретін пәндер бойынша 5-6 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиада «oqylyq» платформасы арқылы онлайн форматта өтті.

Білім алушылардың шығармашылық қабілеттерін және танымдық қызметке қызығушылығын анықтау және дамыту мақсатында ұйымдастырылған олимпиадада Базархан Дархан жаратылыстану-математикалық бағытындағы математика пәні бойынша дайындалған тапсырмаларды орындады.

Халықаралық, республикалық олимпиадалар мен ғылыми байқау нәтижелері бойынша өткен жылмен салыстырғанда:

Ө.Жолдасбеков атындағы математика және механика бойынша ХІІ зерттеу жобалары конкурсы нәтижелері 37%-ға, Халықаралық «Азия-Тынық мұхит» және «Жібек жолы» олимпиадасы 12%-ға, Республикалық жалпы пәндер бойынша олимпиада көрсеткіші 4%-ға өссе, Республикалық жаратылыстану — математикалық бағыт бойынша Президенттік олимпиадасы көрсеткіші: 27%-ға, Республикалық ғылыми жобалар байқауы 27%-ға және Республикалық «Зерде» зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстары байқауы көрсеткіші 42%-ға артқан.

Айта кетсек, биыл елімізде білім беру гранттарының жалпы саны 88 мыңды құрады. Оның ішінде бакалавриатта оқу үшін 73 мың грант, магистратураға – 13 мың, докторантураға 1890 грант бөлініп отыр. Биыл грантқа құжаттарды қабылдау және оның иегерлерінің тізімін жариялау күндеріне қатысты өзгеріс болмайды. Яғни, 13-20 шілде аралығында грантқа құжаттарды қабылдауды, ал грант иегерлерінің тізімін 10 тамызға дейін жариялауды жоспарлап отырмыз. Жоғары орындарына қабылдау 25 тамызға дейін жүзеге асырылады.

Previous Post

ТҮРКІСТАН: БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНДА КЕҢЕЙТІЛГЕН АППАРАТ ЖИЫНЫ ӨТТІ

Next Post

ҚАЗЫҒҰРТ: ҚОСЫМША БІЛІМ БЕРУ АРҚЫЛЫ БІЛІМ САПАСЫН АРТТЫРУ БАСТЫ НАЗАРДА

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі