13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНДА КЕҢЕЙТІЛГЕН АППАРАТ ЖИЫНЫ ӨТТІ

23 мая, 2023
in Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН: БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНДА КЕҢЕЙТІЛГЕН АППАРАТ ЖИЫНЫ ӨТТІ
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгін Түркістан облысы білім басқармасының басшысы Дінислам Болатханұлының төрағалығымен өткен аппарат жиынында балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы кеңінен сөз болды.
Аталған жиынға басқармадағы жауапты бөлім басшылары мен аудан/қаладағы білім бөлім басшылары зум арқылы қатысты.

– Балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру — білім саласы үшін маңызды мәселе. Қала сыртындағы лагерлер маусым айының бірінші онкүндігінде ашылып, жаз бойы 6-8 ауысымда қызмет көрсетеді. Сондай-ақ мектеп жанындағы бір мезгілгі тамақпен қамтитын 330 лагерь ашылатын болады, -дейді Дінислам Болатханұлы.

Жиында таулы аймақтарда орналасқан мемлекет меншігіндегі жазғы сауықтыру орталықтарын ретке келтіру жұмыстары бойынша да ұсыныстар айтылды.
Айта кетейік, облыста биылғы 2022-2023 оқу жылында 17 жазғы сауықтыру лагерлері (7 мемлекеттік, 10 жекеменшік) қызмет көрсетеді деп жоспарлануда.
Осыған дейін, ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен селекторлық жиында, Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев биыл оқу жылын 3,7 млн.-нан астам оқушы аяқтайтынын айтты. Оның ішінде 11-сыныпты 172 мың түлек бітіреді. Биыл «Алтын белгіге» үміткерлер саны – 6,8 мың бала. Қорытынды емтихандар 9-сынып үшін 4 пән бойынша 2-13 маусым аралығында, ал 11-сынып үшін 5-19 маусым аралығында 5 пән бойынша өтеді.

Жазғы демалыспен және сауықтыру шараларымен 1-10-сынып оқушыларының 85%-дан астамы, яғни әлеуметтік осал санаттағы 500 мыңға жуық баланы қоса алғанда, шамамен 2,8 млн. бала қамтылады деп жоспарланып отыр. Қазіргі уақытта жазғы лагерьлерде алдағы маусымға дайындық бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде. Жалпы 218 қала сыртындағы және 10 мыңнан астам мектеп жанындағы бейінді және шатыр лагерьлер өз есігін айқара ашады.

Мәдениет және спорт министрі Асхат Ораловтың айтуынша, жазғы демалыс аясында балалар үшін мәдениет саласы бойынша 500-ден астам, спорт және туризм саласы бойынша 300-ден астам іс-шара ұйымдастырылмақ.

«Бірнеше күннен кейін кезекті оқу жылы аяқталып, балалар жазғы демалысқа шығады. Оны пайдалы әрі қызықты өткізгісі келеді. Сондықтан біз бала денсаулығын нығайтуға, білімін толықтырып, жақсы демалуына жағдай жасауымыз керек. Әсерлі, мағыналы іс-шаралар аз. Көбіне сапасы сын көтермейді. Ауыл балаларына да қажетті деңгейде көңіл бөлінбейді. Ауыл балаларының бос уақытын тиімді өткізу ерекше назарда болуы керек. Олар үшін спорт алаңдары мен даму орталықтарын жабдықтап, ойын-сауық, мәдени іс-шараларды ұйымдастыру қажет», – деді Әлихан Смайылов.

Previous Post

САЙРАМ: «АШЫҚ ЕСІК КҮНІ» ӨТТІ

Next Post

ОТЫРАРЛЫҚ ОҚУШЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДАНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ АТАНДЫ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі