13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

САЙРАМ: «АШЫҚ ЕСІК КҮНІ» ӨТТІ

23 мая, 2023
in Жаңалықтар
0
САЙРАМ: «АШЫҚ ЕСІК КҮНІ» ӨТТІ
Share on FacebookShare on Twitter

Мамандық таңдау мәселесі — адам өміріндегі ең күрделі және жауапты қадам. Мамандық таңдау әрбір адамның мұқиятылығын қажет етеді. Бала үшін мамандық таңдау өмірлік жолын дұрыс таңдаумен бірдей.

Қазіргі кезде ел болашағы – жастар. Жыл сайын мектеп бітіруші түлектер қай мамандықты таңдарын білмей, ойын сан – саққа жүгіртеді. Осындай жастарға болашақтағы мамандығын қателеспей, оны өзінің жүрек қалауымен таңдауға жол көрсетіп, дұрыс бағыт беру мақсатында Сайрам аудандық білім бөлімінің «Оқу-өндірістік комбинаты» КММ-де алғашқы кәсіптік білім алуға бағытталған «Ашық есік күні» өтті.

Аудан орталығындағы орта мектептердің 8-сынып оқушылары осы Оқу-өндірістік комбинатында болып, алғашқы кәсіптермен танысты.

Бүгінгі күні жасөспірімдердің өзін-өзі тану арқылы мамандық таңдауда оқушыға «Мен қалаймын?», «Менің қолымнан келеді», «Маған керек» деп, өз қабілеттіліктерін, ішкі сенімдері мен нақты мүмкіндіктерін ескеру қажет және өз ақыл ойымен, дұрыс шешім қабылдау үшін мамандар кеңес берді.

Айта кетсек, аудандағы колледждеде оқушылар үшін түрлі іс шаралар өтуде. Мәселен ашық есік күні үйымдастырылып, мамандық таңдау бйынша мамандар түрлі кеңестерімен бөліскен. «Ашық есік» күнін ұйымдастыру мақсаты —колледжге талапкерлерді оқуға шақыру. Колледж оқытушылары болашақ талапкерлерге колледж тарихымен, мамандықтармен, оқу-материалдық базасымен таныстырып, колледжге түсу тәртібін, оқу жүйесін және колледжде білім алудың тиімділігі жайлы толық ақпарат берді және колледждің 1-3 курсында оқып жүрген студенттер оқушыларға өздерінің мамандықтары, студенттік өмірді және қоғамдық өмірге белсене араласатыны жайлы айтып, оқушыларды біздің колледжге оқуға келуге кеңес берді. Оқушылар колледждегі мамандықтар бойынша толық ақпарат алып сонымен қатар колледж туралы бейнебаян көрген еді.

Әлемде өзі қаламайтын мамандық иесі болып жүрген қаншама адам бар, өз жұмысын жанымен сүйіп істейтін адамдардың да саны аз емес. Мамандық таңдаудан жаңылмай, өз өміріңіздің бір кірпішін дұрыс қалауыңызға тілектеспіз.

Previous Post

Как будет меняться самый новый район Шымкента

Next Post

ТҮРКІСТАН: БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНДА КЕҢЕЙТІЛГЕН АППАРАТ ЖИЫНЫ ӨТТІ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі