13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ОТЫРАР: БІЛІМДІНІҢ КҮНІ ЖАРЫҚ

30 мая, 2023
in Жаңалықтар
0
ОТЫРАР: БІЛІМДІНІҢ КҮНІ ЖАРЫҚ
Share on FacebookShare on Twitter

Жастар қоғамның қозғаушы күші. Сондықтан да, мемлекеттік жастар саясаты Қазақстан Республикасының Президентінің назарынан тыс қалған емес. Бұл бағытта ауданымызда да тиісті жұмыстар атқарылып, жастар мәселесіне ерекше көңіл бөлініп келеді.

Бүгін аудан әкімі Сәкен Сұлтанханов республикалық пәндік олимпиадаларда және байқауларда жүлдегер атанған жастармен және олардың білімін шыңдаған ұлағатты ұстаздармен кездесті. Басқосуда дарынды, талантты, білімді жастар өз ойларын еркін жеткізіп, алға қойған арман-мақсаттарымен бөлісті.

Жиында Жамбыл атындағы мектеп-лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Қалмырзаева Майра Тұрғанбайқызы ұлылар шыққан киелі Отырардан әлі талай дарынды тұлғалардың шығатынына сенетінін айтып, ұлағатты ұстаздардан тәлім алған шәкірттердің шығар шыңы қашанда биік болатынын сөз етті. Кездесуде республикалық «Жыр алыбы-Жамбыл» атты тақырыпта жас ақындар айтысының 3 — орын иегері Сұлтан Сәуірхан арнау өлеңін оқып, ұстаздарына деген алғысын өлеңмен жеткізді.

Ұстаздар мен шәкірттердің жетістігіне тәнті болған аудан әкімі білімді жастарға қолдау көрсету арқылы олардың бойындағы мүмкіндіктерді елдің дамуына пайдалануға болатынын атап өтті.

Аудан басшысы өз сөзінде: «Киелі Отырар қашанда әлемдік өркениетке өлшеусіз үлес қосқан ғалымдар мен ғұламалардың алтын бесігі болып келгені баршаға аян. Мінекей бүгінгі күні ұлы ұстаз Әл-Фарабидің салған сара жолын жалғаған отырарлық озат оқушылар республика көлемінде биік белестерді бағындырып, абыройымызды асырып, мерейімізді үстем етіп отыр. Осындай алғыр, білімді шәкірттерді тәрбиелеуде ұлағатты ұстаздардың еңбегі орасан екенін айтып өтсек артық болмас. Дана халқымызда «Бір әріп үйреткенге қырық жыл сәлем қыл» деген терең мағыналы сөз бар. Осы сөзіміздің айқын дәлелі ұстаздардың шабыты сарқылмай шәкірт тәрбиелеуде аянбай еңбек ете береді деп сенемін»-дей келе ұлағатты ұстаздар мен білімді жастарды арнайы алғыс хаттармен марапаттап, қаржылай сыйақы табыстады.

Кездесу соңында ұлағатты ұстаздар мен оқушылар аудан әкімінің ыстық ықыласы мен құрметіне ризашылығын білдіріп, естелікке суретке түсті.

Previous Post

ТҮЛКІБАС: КЕМЕЛ КЕЛЕШЕК КІЛТІ - БІЛІМДЕ

Next Post

АРЫС ҚАЛАСЫНДА БІЛІМ БӘЙГЕЛЕРІНДЕ ДАРАЛАНҒАН ДАРЫНДЫ ОҚУШЫЛАР МАРАПАТТАЛДЫ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі