Бүгін 2023 жылдың 30 мамыр күні Түлкібас аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен Мәдениет үйінде «Халықаралық балаларды қорғау күні» аясында «Кемел келешек кілті — білімде» тақырыбында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінің жеңімпаздары мен жүлдегерлерін және ғылыми жоба жарыстарының облыстық жеңімпаздарын марапаттау шарасы өтті.
Салтанатты шараға Түлкібас ауданының әкімінің орынбасары Орманов Ербол Керімбекұлы, Түлкібас аудандық білім бөлімінің басшысы Ержан Қадырбек Изтайұлы, Түркістан облысының маслихат депутаты Шахимерген Нұрайым қатысып, үздіктер мен пән мұғалімдерін және ата-аналарын құттықтап, арнайы сыйлықтары мен дипломдар табыс етті.
Аталған іс-шарада балалар өнер мектебінің қолөнер бұйымдары мен сурет көрмесін тамашалады. Олимпиада жеңімпаздары – Қазақстан келешегінің интеллектуалды тірегі мен ұстаздар мақтанышы. Еліміздің даңқын асырып, биік жетістіктерге жеткізер мектеп мақтаныштары – олимпиада жүлдегерлері мен талантты да, қабілетті ұландарды шыңдап, дайындаған барлық пән мұғалімдері мен оқушыларға алғыс айтамыз.
Айта кетсек, Түркістан өңірінде Ө.Жолдасбеков атындағы математика және механика бойынша ХІІ зерттеу жобалары конкурсы нәтижелері 37%-ға, Халықаралық «Азия-Тынық мұхит» және «Жібек жолы» олимпиадасы 12%-ға, Республикалық жалпы пәндер бойынша олимпиада көрсеткіші 4%-ға өссе, Республикалық жаратылыстану — математикалық бағыт бойынша Президенттік олимпиадасы көрсеткіші: 27%-ға, Республикалық ғылыми жобалар байқауы 27%-ға және Республикалық «Зерде» зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстары байқауы көрсеткіші 42%-ға артқан. Биыл 11 сыныпты 29491 түлек бітіреді. Мектеп түлектерінің 1416-сы «Алтын белгіге», 11 сыныпты бітіруші түлектердің 2355-і «Үздік аттестатқа» үміткер. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Түркістан облысы білім басқармасының басшысы Дінислам Болатханұлы мәлім етті. Жалпы алғанда, Түркістан облысында 1 мыңнан астам орта білім беру ұйымдары қызмет етуде (907 мемлекеттік, қалғаны жекеменшік) жұмыс атқарады. Ондағы оқушы саны – 515 079. Олардың 154 қала (122156 оқушы), 844 ауыл (392923 оқушы) мектептері. Естеріңізге сала кетейік, ҰБТ кезінде барлық талапкер үшін компьютер экранында «Математикалық сауаттылық», «Математика», «Информатика», «Физика», «Химия», «География» және «Биология» пәндері бойынша есептерді шешуге арналған калькулятор болады.
Сонымен қатар, тестің өзінде «Информатиканы» орыс тілінде тапсырушыларда қазақ және ағылшын тілінде, қазақ және ағылшын тілінде тапсырушыларда орыс және ағылшын тілінде, ағылшын тілінде тапсырушыларда қазақ және орыс тілінде терминдерінің аудармасы болады.