Ордабасы аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің жұмыс жоспарына сәйкес, «Оқуға құштар мектеп-оқуға құштар ұлт» жобасы аясында аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің әдіскерлері мен мамандары арасында «Мен оқыған бір кітап» айдары бойынша әдістемелік кабинет әдіскерлері өз оқыған шығармаларын талдады.
Көркем әдебиетті көп оқитын ұстаз елден ерек, сөздік қоры мол, шешен, парасатты өзіндік ойы, көзқарасы бар, пайымы бөлек, оқушымен жақсы тіл табыса алатын, зерделі, парасатты, иманды, салиқалы білімді ұрпақ тәрбиелейді. Сондықтан ұстаздар мен оқушыларға кітапты көп оқыту және осы игілікті істі өзімізден бастау алу мақсатында оқу сағаты өткізілді.
Әдістемелік кабинет әдіскері Есімханова Райхан Кудияровна Джордж Клейсонның «Вавилондағы ең бай адам»,Сәрсенбеков Бақберген Түймебекұлының М.Әуезовтың «Көксерек», Оңалбаева Шолпан Балтабаевнаның Бауыржан Момышұлының «Ұшқан ұя» шығармаларын талдады.Талдау өте әсерлі сұрақтар қойылып, пікір сайыс өткізілді.
Қорытындыда әдістемелік кабинет меңгерушісі Бекпейісов Бақытжан Бектұрғанұлы әдіскерлердің талдау жұмыстарына алғысын білдіріп аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімі басшысының Алғыс хатымен марапаттады.
Айта кетсек, Халықаралық сарапшылардың айтуынша, жетістіктерге қол жеткізіп, бәсекеге қабілетті әрі қазіргі қоғамда өзара байланыс орната білетін тұлға болып қалыптасу үшін кітап оқуға деген құштарлықтың әсері мол. Кітап оқу сауаттылығы деңгейін анықтау мақсатында әлемнің көптеген елдері OECD және IEA сынды халықаралық салыстырмалы зерттеулеріне қатысып, нәтижелерін қолданады. PISA зерттеулерінің нәтижелері бойынша Қазақстан оқушылары оқу сауаттылығы бойынша Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына мүше елдеріндегі өз қатарластарынан едәуір артта қалып отыр. PIAAC халықаралық зерттеуінің қорытындысы бойынша еліміздегі 16-дан бастап 55 жасқа дейінгі азаматтардың да оқу сауаттылығы нашар болып шықты. Яғни, өкінішке орай, еліміздегі ересек азаматтардың да оқу сауаттылығы төмен деңгейде.
Бұл – бүгін ғана белгілі болған проблема емес, жылдар бойы қордаланған мәселе.Сондықтан да Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұлтымыздың оқуға құштарлығын арттыру үшін тиісті шараларды қабылдауды тапсырды. Ол үшін бала мектеп жасынан бастап көркем әдебиетті оқуға ұмтылуы қажет. Біз осы мақсатта жағдай жасауға міндеттіміз.
Білім және ғылым саласына қарасты 7096 кітапхана жұмыс істейді. Мектептерде – 6461, колледждерде – 579, жоғары оқу орындарында – 56, сондай-ақ Республикалық ғылыми-педагогикалық кітапхана жұмыс істейді. Ал білім беру ұйымдарындағы жалпы кітап қоры – 267 325 289. Саны, әрине, көңіл көншітерлік.Оқу – біздің балаларымыздың білімін, тәрбиесін және мәдениетін арттырудың маңызды факторы.
Біріміз кітапты ой-өрісті кеңейту үшін оқысақ, біріміз – жұмыс барысында ақпарат іздеп оқимыз. Арамызда кітап оқып, демалатындар да бар. Қандай себеп болмасын, оқу сауаттылығы дағдыларын дамыту маңызды.
Оқу ой-өрістің кеңеюіне, жан-жақты дамуға, ойлау қабілетін жетілдіруге, шығармалардағы кейіпкерлердің мінез-құлқындағы жағымды тұстарын бойға сіңіруге көмектеседі, жалпы, адамды тәрбиелейді және рухани байытады.