13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

АРЫС ҚАЛАСЫНДА БІЛІМ БӘЙГЕЛЕРІНДЕ ДАРАЛАНҒАН ДАРЫНДЫ ОҚУШЫЛАР МАРАПАТТАЛДЫ

30 мая, 2023
in Жаңалықтар
0
АРЫС ҚАЛАСЫНДА БІЛІМ БӘЙГЕЛЕРІНДЕ ДАРАЛАНҒАН ДАРЫНДЫ ОҚУШЫЛАР МАРАПАТТАЛДЫ
Share on FacebookShare on Twitter

Құрмет тұғырынан көпшілікті тәнті еткен, білім бәйгелерінен дараланған дарынды оқушыларды Арыс қаласының адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы А.Момбеков қабылдап, марапаттады.

Бірінші кезекті «El Umiti» бастамасымен «Елбасы медалі» жобасын қатысқан оқушылар марапатталды. «Елбасы медалі» – жастарды кешенді дамытуға бағытталған ұлттық деңгейдегі жалғыз бағдарлама.

Бағдарлама жеті негізгі бағыттан тұрады: спорт, дарын мен дағды, кітап оқу, ұлттық мұра, волонтерлік, экспедициялар мен жорықтар, еңбек практикасы.
Бағдарлама 14 пен 29 жас аралығындағы жастарға арналған, біздің шәкірттеріміз де аталған шараға қатысып, өз қабілеттерін сынады. Яғни, үміткерлеріміз жеті бағыт бойынша тапсырма орындап, білім мен шеберліктерін жетілдірді.

Жоба сонында спортпен шұғылдану, өнерге бет бұру, төл мұраны дәріптеу, қайырымдылық жасау мен кітап оқудан сынақ тапсырып, тиісті медальдеріне ие болды.

Атап айтсақ 44 оқушы жүлдегерлер қатарынан көрінді. Оның ішінде 1 оқушы «Алтын», 4 оқушы «Күміс», 39 оқушы «Қола» медаліне ие болған. Сонымен қатар жалпы білім беретін пәндер бойынша пән олимпиадасына қатысқан 39 оқушының жүлдегер атанған 22 оқушы, ғылыми жоба жұмыстарына қатысып жүлдегер атанған 3 оқушы, талантты жастарымыздың ақындық талантын шәкірт жүрегіне ұялату арқылы мәнерлеп оқу, поэзияны сүюге оны бағалай білуге, оқу дағдысын жетілдіре отырып, рухани танымдарын кеңейтуге бағытталған облыстық байқау- сайыстарына қатысып, жүлдегер атанған 10 оқушы да ұлықталды.

Шәкірт жеңісі-ұстаз жемісі. Елдің баласына білім беріп, бар білгенін үйретуден жалықпайтын ұстаздар қауымы да марапатталып, құрмет көрсетілді.
Ал, көңілдері бір марқайған оқушылар артқан үмітті ақтап, еткен еңбекті одан әрі еселей түсетініне сенім білдірді.

Previous Post

ОТЫРАР: БІЛІМДІНІҢ КҮНІ ЖАРЫҚ

Next Post

Облыс прокуроры және имамы жастар арасындағы мәселелерді талқылады

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі