13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкентте өнертапқыш оқушылардың көрмесі өтті

1 июня, 2023
in Жаңалықтар
0
Шымкентте өнертапқыш оқушылардың көрмесі өтті
Share on FacebookShare on Twitter

Көрмеге қала аумағындағы 19 қосымша білім беру мекемесі қатысып, өз жетістіктерін көрсетті. Бүгін Шымкентте жас өрендер мен балғындарға мерекелік көңіл күй сыйлау үшін бірқатар салтанатты шаралар шеруі өтуде. «1 маусым – Халықаралық балалар күні» мерекесі Достық үйінде қосымша білім беру ұйымдарындағы өнертапқыш оқушылардың көрмесімен басталды. Жиынға қала әкімі Мұрат Әйтенов қатысып, балаларды айтулы мерекемен құттықтап, талантты да дарынды шәкірттердің жетістіктері үшін алғыс білдірді.

«Биылғы оқу жылы жақсы жетістіктермен, жағымды жаңалықтармен аяқталды. Каникул кезінде оқушылардың бос уақытын тиімді пайдалану үшін қаламызда 237 жазғы сауықтыру лагері жұмысын бастауда. Елімізде атқарылып жатқан, жоспарланған барлық жұмыстар балаларымыздың бақытты да, жарқын болашағына арналады», — деді М.Дүйсенбекұлы.

Бүгін қалада 12 мыңға жуық шәкірт мектеп бітіріп, олардың 90%-дан астамы Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысуға өтініш білдіруде. Биылғы жылы 2 618 түлек “Алтын белгі” мен “Үздік аттестатқа” үміткер болса, 600-ден астам оқушы халықаралық және республикалық білім, өнер, спорт сайыстарында топ жарды. Көрмеге қала аумағындағы 19 қосымша білім беру мекемесі қатысып, өз жетістіктерін көрсетті. Мемлекеттің қолдауымен балаларға тегін қосымша білім беріп отырған ұйымдар жас буынның әсіресе, робототехникаға деген қызығушылығын арттырып отырғаны байқалды. Шымкент шәкірттерінің жетістіктерін паш еткен көрме үздіктер мен белсенді оқушылардың концерттік бағдарламасына ұласты. Сондай-ақ, қалалық мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының ұйымдастыруымен «BalaShym» өнер фестивалі ерекше форматта өтуде.

Өнер фестиваліне қаладағы қосымша білім беру ұйымдарының жас өнерпаздары жиналып, 5 бағыт бойынша өнерлерін көпшілік назарына ұсынды. Эстрадалық вокал, хореография, қолөнер, сурет салу бағыттары бойынша көрермендер балалардың шығармашылығын тамашалады.

– Бүгінгі фестивалге 530-дан аса бала қатысып отыр. Бұл балалар – мемлекеттен жан басына қаржаландыратын бағдарлама аясында қосымша білім беру мекемелерінің үйірмелерінде шыңдалып жүрген оқушылар. Сонымен қатар қаладағы театрлар мен мәдениет мекемелері де өз сахналық нөмірлерін дайындап, көрермен назарына ұсынуда. Мұндай іс-шаралар балалардың белсенді, көшбасшы болуына септігін тигізеді, өнерге, шығармашылыққа баулиды. Балалар –біздің болашағымыз, оларды дұрыс жолға бағыттау – әрбірімізге парыз. Сондықтан да мәдени іс-шаралардың маңызы зор. Бүгінгі мереке балаларға керемет көңіл-күй сыйлап жатыр деп ойлаймын, – деді қалалық мәдениет,тілдерді дамыту және архивтер басқармасының басшысы Сәкен Шәкеев.

Previous Post

ШЫМКЕНТ: Тұран ауданында төрт балалар ойын алаңшасы ашылды

Next Post

«Алтын қорға үлес қос»: Шымкентте мектеп бітіруші түлектер кітапханаға кітап сыйлады

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі