13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ШЫМКЕНТ: Тұран ауданында төрт балалар ойын алаңшасы ашылды

1 июня, 2023
in Жаңалықтар
0
ШЫМКЕНТ: Тұран ауданында төрт балалар ойын алаңшасы ашылды
Share on FacebookShare on Twitter

Аудан әкімі Боранбай Нығметұлы көпқабатты тұрғын үйлердің ауласына арнайы келіп, ойын алаңшасының лентасын қиды. Шымкент қаласы Тұран ауданында 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай, 4 балалар ойын алаңшасы ашылды. Аудан әкімі Боранбай Нығметұлы көпқабатты тұрғын үйлердің ауласына арнайы келіп, ойын алаңшасының лентасын қиды. Ауданда биыл «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 13 балалар ойын алаңшасы салыну жоспарланған. Бүгін соның ішінде Бәйдібек би көшесіндегі №246 тұрғын үй және Құрсай, Отырар, Ақтас шағынаудандарында ойын алаңшаларының құрылысы аяқталып, тұрғындарға пайдалануға берілді.

Тұрғындар көптен күткен қуаныштарын балаларымен бірге тойлады. Аулаға жиналған бүлдіршіндер әткеншек теуіп, сырғанап мәз-мейрам. Аниматорлар балаларға сыйлық ретінде доп және тәттілер үлестірді.

–Тұран ауданының әкімдігі балалар мерекесіне үлкен сыйлық дайындады. Балалардың болашағы үшін еңбек етіп жүрген азаматтарға тұрғындардың атынан алғыс айтамын, – деді Тұран ауданының тұрғыны Меруерт Мұсағалиева. Айта кетейік, балалар алаңшасының құрылысын «Тұран-ГГ 2007» компаниясы жүргізді. Көп ұзамай Ақжар, Арғымақ, Құрсай, Қазығұрт шағынаудандары және 112 орамда да балалар алаңшасы пайдалануға берілетін болады. Сонымен қатар, Еңбекші ауданында 26 көпқабатты үйдің ауласы мен балалар ойын алаңшаларын құру жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Еңбекші ауданы бойынша 651 көпқабатты тұрғын үйлер 435 аулаға біріктірілген болатын. Қазіргі таңда негізгі көпқабатты үйлер орналасқан шағынаудандар Қаратау және Әл-Фараби ауданының әкімшілік шекаралық аумағына қосылған.

Бүгінде аудан бойынша 283 көпқабатты үйлер 132 аулаға біріктірілген. 2021 жылдан бастап абаттандыру жұмыстары «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында іске асырылуда. Атап айтатын болсақ, 2022 жылы «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында аулаларды абаттандыру 2021 жылмен салыстырғанда 1,8 есеге артты. 2022 жылы 75 көпқабатты үйдің аулаларын абаттандырылып, жеке секторда 11 – кешенді балалар ойын алаңшалары құрылды. 2023 жылдың І-кезеңмен 26 көпқабатты үй ауласын және жеке секторда 1 кешенді балалар ойын алаңшаларын құруға қаржы бөлінді. Қазіргі таңда мемлекеттік сатып алу іс-шарасы нәтижесінде жеңімпаз мердігер мекемелер жұмыстарын жүргізуде.

Previous Post

БӘЙДІБЕК: ОҚУ ЖЫЛЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

Next Post

Шымкентте өнертапқыш оқушылардың көрмесі өтті

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі