13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

БӘЙДІБЕК: ОҚУ ЖЫЛЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

1 июня, 2023
in Жаңалықтар
0
БӘЙДІБЕК: ОҚУ ЖЫЛЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
Share on FacebookShare on Twitter

Бәйдібек ауданының барлық білім беру ұйымдарында 1 маусым — Балаларды қорғау күні мерекесі мен оқу жылының аяқталу салтанатты жиыны атап өтілді.

Аудан орталығындағы Шаян көпсалалы лицей жалпы орта мектебіндегі жиынға қатысқан бөлім басшысы Ерболат Аманұлы білім саласындағы атқарылған игі істер мен жетістіктерге тоқталып, аудан бойынша ағымдағы жылы 5-6 сынып оқушылардың қатысуымен жалпы пәндер олимпиадасының облыстық кезеңінде 57,1% жүлделі орын иегерлері, оның ішінде Қосбұлақ мектебінің 5-сынып оқушысы Асқар Елдана Республикалық кезеңінде І орыннан көрінгенін айрықша атап өтті. Сондай-ақ, 9-11 сынып оқушылар арасында өткізілген олимпиаданың облыстық кезеңінде ауданымыздың білімді шәкірттері 52,9% пайыз, ғылыми жоба байқауының облыстық кезеңінде 88,2% пайыз оқушы жүлделі орындардан көрініп, аудан мақтанышына айналғандығын жеткізді.

Жиынға қатысқан барлық педагогтер мен оқушыларды және ата-аналарды айтулы мерекемен құттықтап, құттықтау соңында аудандағы мектеп бітіруші түлектердің Ұлттық Бірыңғай Тестілеуден сүрінбей өтіп, қалаған мамандықтарының иесі болуына тілектес екендігін жеткізді.

Айта кетсек,ҰБТ ережесіне сәйкес ғимаратқа кіргізу немесе тестілеу барысында тыйым салынған заттар анықталып, ғимараттан немесе тестілеуден шығарылған болса, ҰБТ-ны тапсыруға екінші мүмкіндік берілмейді.

Басқарма басшысы айтып өткендей, биыл наурыз айында Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында оқушыларды қауіпсіз тасымалдау үшін Түркістан облысындағы ауыл мектептеріне арнайы 71 автобус табысталды. Ертең, яғни 1 маусым – балаларды қорғау күніне орай қосымша тағы 30 автобус берілмек.

Айта кетсек, биыл елімізде білім беру гранттарының жалпы саны 88 мыңды құрады. Оның ішінде бакалавриатта оқу үшін 73 мың грант, магистратураға – 13 мың, докторантураға 1890 грант бөлініп отыр. Биыл грантқа құжаттарды қабылдау және оның иегерлерінің тізімін жариялау күндеріне қатысты өзгеріс болмайды. Яғни, 13-20 шілде аралығында грантқа құжаттарды қабылдауды, ал грант иегерлерінің тізімін 10 тамызға дейін жариялауды жоспарлап отырмыз. Жоғары орындарына қабылдау 25 тамызға дейін жүзеге асырылады.

Жалпы өңірдегі Түркістан мен Сарыағаш қалаларында және Жетісай, Созақ, Сайрам аудандарында «USTUDY» тестілеу орталықтары орналасқан. Онда ҰБТ 2 лек бойынша компьютерлік форматта өткізіледі. Орталықтарда 12 аудиторияда 600 компьютерлік орын дайындалған. Ұлттық бірыңғай тестілеу цифрлық форматқа өткізіліп, жылына 4 рет тапсыру мүмкіндігі берілді. 11 сынып бітірушілері қаңтар айынан бастап ЖОО-на түсе алады. Мемлекеттік грантқа түсу үшін тіркелу — 28 сәуір мен 14 мамыр аралығында жүргізілді. Ал мемлекеттік грантқа түсу үшін тест тапсыру мерзімі 18 мамыр мен 5 шілде аралығында жүргізіліп жатыр. Тестілеу барысы толығымен бейнежазбаға түсіріліп, бейнекамералар Ұлттық тестілеу орталығымен бақылауға алынған.

Previous Post

ШЫМКЕНТ: «BalaShym» өнер фестивалі ерекше форматта өтті

Next Post

ШЫМКЕНТ: Тұран ауданында төрт балалар ойын алаңшасы ашылды

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі