13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

«Алтын қорға үлес қос»: Шымкентте мектеп бітіруші түлектер кітапханаға кітап сыйлады

1 июня, 2023
in Жаңалықтар
0
«Алтын қорға үлес қос»: Шымкентте мектеп бітіруші түлектер кітапханаға кітап сыйлады
Share on FacebookShare on Twitter

Жалпы саны 73 дана кітап кітапхана сөресінен орын тапты. Шымкент қаласында мектеп бітіруші түлектер кітапханаға кітап сыйлады. Биылғы мектеп бітіруші түлектер кітапхана қорын ұлғайтуға шешім қабылдады.

Олар А.Пушкин атындағы қалалық әмбебап кітапхананың «Алтын қорға үлес қос» жобасы аясында өскелең жас ұрпаққа және жалпы қала тұрғындары мен кітапхана оқырмандары үшін сұраныстағы әдебиеттерді сыйға тартты. Жалпы бұл бастаманы кітапхана қызметкерлері көтеріп, мектеп басшылығына ұсыныс білдірген болатын. Ал өз кезегінде бітіруші түлектер оны қуана қолдап, кітапхана қорын ұлғайтуға кірісіп кетті. Ұйымдастырылған жобаға Шымкент қаласындағы № 59, 115, 53, 42, 47, 120, 26 және Арыс қаласы С.Адамбеков мектебінің бітіруші түлектері қатысып, жалпы саны 73 дана кітап кітапхана сөресінен орын тапты. А.Пушкин атындағы қалалық әмбебап кітапханасында ертегілерден бастап балалар әдебиеті, қазақтың ауыз әдебиеті, халық әдебиеті, әлем балалар әдебиеті, «Кел танысайық бұл…», «Школьная библиотека» сериялары, энциклопедиялар, мақал мәтелдер ой-өрісін дамытатын танымдық кітаптарменен толықтырылған, оқырмандар көңілінен шығып жүрген кітапханалардың бірі.

Балалар әдебиетін насихаттау барысында баланы кітап оқуға баулу, баламен тығыз байланыс жұмысы жасау бойынша керемет жобалар ұйымдастырылып келеді. Бүгінде балаларға арналған әдебиеттердің жалпы данасы 529 құрады, оның 389 данасы мемлекеттік тілде. Айта кетейік, Шымкент қалалық орталықтандырылған балалар кітапханалар жүйесінің жалпы кітап қоры – 418 046 дананы құраса, оның ішінде балалар әдебиеті – 390 492 дана. Кітапхана мектеп жасына дейінгі бүлдіршіндерге, 1-9 сынып оқушыларына, тәрбиешілер мен мұғалімдерге, жылына жалпы 392 мыңдан астам келушіге қызмет көрсетеді. Сондай-ақ, қалалық Әл-Фараби атындағы ғылыми-әмбебап кітапханасында ашылған «Ақерке» балалар залы да бүлдіршіндерді кітап оқуға ынталандыруда. Залда жылына оқырмандарға 765 мың данадан аса кітап берілуде.

Оқу залына соңғы 3 жыл көлемінде 18 593 дана жаңа кітаптар қорға алынған. Кітапханалардың кітап қорлары көркем шығармалармен, мектеп бағдарламасына қосымша балаларға арналған анықтамалық әдебиеттермен, танымдық, сала жанрлары бойынша балалар әдебиеттері мен қиял-ғажайып, шытырман оқиғалар, ертегілермен толықтырылған. Балаларға қызмет көрсететін қалалық кітапханалардағы кітап қоры мемлекеттік тапсырыс бойынша отандық, шетелдік ақын-жазушылардың әдебиеттерімен толықтырылады. Оның басым бөлігі көркем әдебиеттер болса, жергілікті бюджеттен бөлінген қаржыға оқырман сұранысына орай танымдық кітаптар алынады.

Previous Post

Шымкентте өнертапқыш оқушылардың көрмесі өтті

Next Post

ШЫМКЕНТ: Көктемгі дала жұмыстарына жеңілдетілген бағамен 500 тонна жанар-жағармай бөлінді

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі