13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ЖЕТІСАЙ: ОҚУШЫЛАР ОБЛЫСТЫҚ ЧЕМПИОНАТТАН ЖҮЛДЕМЕН ОРАЛДЫ

30 мая, 2023
in Жаңалықтар
0
ЖЕТІСАЙ: ОҚУШЫЛАР ОБЛЫСТЫҚ ЧЕМПИОНАТТАН ЖҮЛДЕМЕН ОРАЛДЫ
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысының құрылғанына 5 жыл толуына орай ағымдағы жылдың 18-23 мамыр күндері «100» шаршы дойбыдан ұлдар мен қыздар, жасөспірімдер және юниорлар арасында классика, рапид, блицтен ашық чемпионат өтті.
Сайысқа Жетісай, Сауран, Сарыағаш, Созақ, Ордабасы және Қазығұрт аудандары мен Түркістан, Кентау, Шымкент қалаларынан жалпы саны 86 спортшы қатысып, өзара бас сынасып жатыр. Бұл додада өз мықтылығымен көзге түскен спортшылар облыс құрамасына шақырылмақ.

Түркістан қаласында өткен Түркістан облысының ашық чемпионатында Жетісай аудандық білім бөліміне қарасты А.Яссауи атындағы №22 ЖОМ және А.Жами атындағы №24 ЖОМ жасөспірім оқушылары топ жарып, жүлдемен оралды. Нәтижесінде дойбының /рапид/ түрінен 2010-2012 жылғы ұлдар арасында ІІІ орынды — Сулейманов Фаридин, блиц түрінен ІІІ орынды — Елов Салман және Сүлейменов Нуруллах иеленді.

Сонымен бірге, 2007-2009 жылы туылған ұлдар арасында блицтен ІІ орынды — Парманов Ринат, 2015 жылы туылған ұлдар арасында блицтен І орынды — Елов Сулайман жеңіп алды.

Жалпы командалық есепте Жетісай командасы арнайы кубок, медальдар мен дипломдармен марапатталды. Жаттықтырушылары Елов Фарход пен Б.Сулеймановке ұйымдастыру алқасы тарапынан арнайы Алғыс хат табысталды.

Айта кетейік, дойбыдан ел чемпионаты маусым айының 18-28 аралығында Тараз қаласында өтеді деп жоспарланып отыр.

Қосымша ақпар, «Мемлекет басшысы «Білімді ұлт» сапалы білім» ұлттық жобасында: «Ғылым мен білім өте маңызды. Мықтылар бірді, ғалым мыңды жеңеді. Білім – тез өзгеретін қазіргі әлемдегі ең қуатты және тиімді құрал. Сапалы білім қарқынды дамудың басты шартына айналды»-деп атап көрсетті. Осы орайда Түркістан облысында бірқатар жұмыстар қолға алынып, атқарылуда. Соның бірі — Білім беру инфрақұрылымын дамыту.

Мәслен, Түркістан облысы республика бойынша білім беру саласына бөлінетін қаржы көлемі жағынан бірінші орында. Атап айтқанда, салаға 456 млрд.теңге бөлінген.

2021-2025 жылдар аралығында үш ауысымды және апатты мектептердің мәселесін, мектептердегі оқушы орнының тапшылығын жою мақсатында облыста кезең-кезеңімен 199 мектептің құрылысын салу жоспарланған.

Previous Post

СОЗАҚ: АУДАН ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖАРЫСТА ЖҮЛДЕГЕР АТАНҒАН ОҚУШЫЛАРДЫ ҚАБЫЛДАДЫ

Next Post

Кентау: Аттандық бала шақтан болашаққа!

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі