13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

СОЗАҚ: АУДАН ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖАРЫСТА ЖҮЛДЕГЕР АТАНҒАН ОҚУШЫЛАРДЫ ҚАБЫЛДАДЫ

30 мая, 2023
in Жаңалықтар
0
СОЗАҚ: АУДАН ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖАРЫСТА ЖҮЛДЕГЕР АТАНҒАН ОҚУШЫЛАРДЫ ҚАБЫЛДАДЫ
Share on FacebookShare on Twitter

​Бүгін Созақ ауданының әкімі Мұхит Тұрысбеков түрлі білім және спорттық сайыстарда аудан абыройын асқақтатқан оқушылар мен олардың жетекшілерін арнайы қабылдап, құрмет көрсетті.

​- Сіздердің жеңістеріңіз облыс жастары үшін үлгі болып, мектеп жасындағы балалар арасында білімге және спортқа деген қызғушылықты арттырып отырғаны сөзсіз. Алдағы уақытта да биік шыңдарды бағындырып, ауданымыздың, облысымыздың мерейін үстем етіп, жеңіс тұғырынан көріне берулеріңізге тілектеспін — деп, аудан тұрғындарының және өз атынан алғысын білдірді.

​Сонымен қатар, Мұхит Сексенбайұлы спорт пен білімді де қатар алып жүру керектігін жеткізіп, алғыс хатпен және естелік сыйлықтармен марапаттады.
​Айта кетейік, биылғы оқу жылында «Ұлттық мектеп лигасы» жарыстарында спорттың асық ату түрі бойынша Қ.Сәтбаев атындағы мектеп-гимназиясының 7-сынып оқушылары Қали Сұлтан Бақытжанұлы, Айтқожа Рамазан Сәбитұлы және Әліптұр Алмас Дәулетұлы республикалық кезеңде 3-орынды жеңіп алған болатын.
​Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиадада С.Сейфуллин атындағы жалпы орта мектебінің оқушысы Алтынай Бахытқызы Алғыс хатқа ие болса, республикалық ғылыми жобалар конкурсында Ы.Алтынсарин мектебінің оқушысы Берікбай Құралай 3-орынды жеңіп алған.

​Сонымен қатар, аудан әкімінің қабылдауында республикалық «Жарқын болашақ» олимпиадасының жүлдегерлері «Созақ» жалпы орта мектеп-гимназиясының оқушылары Тоқтан Марина Шухратқызы мен Төрехан Батырбек Тауасханұлы, республикалық Әбіш оқуларының 2-орын иегері Т.Әлімқұлов атындағы №14 мектеп интернат-лицейінің оқушысы Балтабек Шұғыла Ерланқызы және республикалық Ілияс Жансүгіров оқуларында 2-орынды иеленген Ғ.Мұратбаев атындағы жалпы орта мектебінің оқушысы Бабайхан Дастан Сұлубекұлы болды.

​Кездесу соңында жетекшілер мен оқушылар аудан әкіміне алғыстарын жеткізіп, ел игілігі жолындағы қызметіне сәттілік тіледі.

Айта кетсек, жалпы, Түркістан облысында Халықаралық, республикалық олимпиадалар мен ғылыми байқау нәтижелері бойынша өткен жылмен салыстырғанда: Ө.Жолдасбеков атындағы математика және механика бойынша ХІІ зерттеу жобалары конкурсы нәтижелері 37%-ға, Халықаралық «Азия-Тынық мұхит» және «Жібек жолы» олимпиадасы 12%-ға, Республикалық жалпы пәндер бойынша олимпиада көрсеткіші 4%-ға өссе, Республикалық жаратылыстану — математикалық бағыт бойынша Президенттік олимпиадасы көрсеткіші: 27%-ға, Республикалық ғылыми жобалар байқауы 27%-ға және Республикалық «Зерде» зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстары байқауы көрсеткіші 42%-ға артқан.

Previous Post

ШЫМКЕНТ: Балалар мерекесі қарсаңында үш ойын алаңшасы пайдалануға берілді

Next Post

ЖЕТІСАЙ: ОҚУШЫЛАР ОБЛЫСТЫҚ ЧЕМПИОНАТТАН ЖҮЛДЕМЕН ОРАЛДЫ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі