Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының «Білім беруді дамыту орталығы мен Ордабасы аудандық білім бөлімінің бірлескен «Ата-аналар жиналысын өткізудің инновациялық тәсілдері» тақырыбында бүгін Б.Төлепбаев атындағы жалпы орта мектебінде аудандардың тәрбие әдіскерлері, мектеп директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары мен сынып жетекшілеріне арналған облыстық тәжірибелік семинар өткізілді.
Семинар мақсаты: отбасында тәрбиелік белсенділікті қалыптастыру, ата-аналар жиналысын өткізудің инновациялық тәсілдерімен танысу, балаларды тәрбиелеуде ата-аналармен атқарылатын жұмыстардың маңызын айқындау, психологиялық – педагогикалық білім мен тәжірибе жаңалықтарымен таныстыру, ой қорыту.
Семинарды аудандық білім бөлімінің басшысы Ш.Нурабаева мен «Білім беруді дамыту орталығының» тәрбие әдіскері Р.Басқараева ашып, тәрбие жұмысын жүргізуде үнемі ізденіс керек екенін, оқушылардың бүгінгі күні мінез-құлқының түрліше өзгеріп отыратынын және соған орай ата-ана, мектеп, бала арасындағы ынтымақтастықты дұрыс қалыптастыра отырып жоспарлы жұмыс жүргізу керекетігін айтып, жас ұрпақты тәрбиелеуде бірлесіп жұмыс жүргізуге шақырды.
Мектеп директоры М.Омарбек мектеп тынысымен, директордың орынбасарлары П.Бегежан, А.Тәшен, Г.Әбдібекова семинарға қатысушыларды «Отбасы құндылықтары» атты көрмемен және бағдарлама бойынша жүргізілетін жұмыстармен таныстырды. Әдіскер Мұратбек Ұлтусын «Заманауи мектеп пен ата-ана арасындағы ынтымақтастықты жетілдіру жүйесі», «Зерде» жалпы орта мектебі директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Исаева Закура «Ата-аналар жиналысын өткізудің инновациялық әдіс-тәсілдері» тақырыптарында баяндама жасап, озық тәжірибелерін көрсетті.
Қатысушылар оқылған баяндамаларды тәрбие жұмысын жүргізуде басшылыққа, үлгіге алуға болатыны туралы пікірлерін ортаға салып, белсенділік танытты. Барлық сабақтарда өтілген жұмыстарға ата-аналар мен қоғамдық ұйым өкілдері, емхана дәрігерлері және облыс мектептерінің директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, сынып жетекшілері қатысты.