2023 жылы 19 мамыр күні Түркістан облысы, Қазығұрт ауданы, Қыдыр Мәмбетұлы ауылы, «Қазығұрт» жалпы орта білім беретін мектебі» КММ базасында «Абай оқулары» республикалық байқауының облыстық кезеңі өтуде.
Айта кетсек, І. Абай оқулары 6 номинация бойынша өткізіледі:
«Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» номинациясы – Абай өлеңдерін жатқа оқу конкурсы. Қазылар алқасы бұл номинацияда оқушы жатқа білетін Абай шығармаларының санына байланысты бағалайды.
«Абайдың қара сөздері» номинациясы бойынша Абай қарасөздерін жатқа, мәнерлеп оқу. Бұл номинация бойынша Абай қарасөздерін толық білуі бойынша бағаланады.
«Абайдың ақын шәкірттерінің шығармалары» номинациясы бойынша Шәкерім Құдайбердіұлы, Ақылбай Абайұлы, Мағауия Абайұлы шығармаларын жатқа оқу. Бұл номинация бойынша шығарма мәтіндерін жатқа, мәнерлеп айтуы, толық білуі бойынша бағаланады.
«Көңілім әнді ұғады» номинациясы – оқушының Абай және Шәкәрім әндері мен күйлерін орындау шеберлігі бағаланады.
«Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» номинациясы –оқушылардың өз шығармалары (поэзиялық) бағаланады.
«Ұлылар әлемі» Абай мен Шәкәрімнің шығармашылығына, рухани болмысына қатысты тақырыпқа (ұсынылған тақырыптардан таңдау) эссе жазу.
Қатысушының теориялық білімін, шығармашылық қабілетін тексеру мақсатында эссе жұмысы бойынша арнайы 3 тақырып ұсынылады. Оқушы бір тақырыпты таңдап 1 сағат 30 минут көлемінде эссе жазып тапсырады.
Байқау қазақ халқының әдеби мұраларын дәріптеу, мектеп оқушыларының классикалық әдебиеттерді оқуға деген қызығушылықтарын арттыру. Абай және Шәкәрім шығармаларындағы эстетикалық талғам мен тұлғалық қасиетті насихаттау ұлылар поэзиясын, ұлттың рухани мұрасын кеңінен таныту мақсатында жүзеге асырылуда.
Байқауға 17 аудан, қала және мен мамандандырылған білім беру ұйымдарынан жалпы саны — 131 оқушы қатысуда.