Бүгін Бәйдібек аудандық барлық білім беру мекемелерінде «Менің мектебім буллингке қарсы!» атты тақырыпта флешмоб өтті. Басты мақсат, қоғамның назарын балалардың қауіпсіздік проблемаларына саналы көзқарасына аудару, оқушылардың, педагогтардың буллингке қарсы санасы мен ойлауын қалыптастыру. Сонымен қатар, зорлық-зомбылықтың кез келген түріне бас тарту көрінісіне белсенді қатысуға жәрдемдесу. Шығармашылық өзін-өзі жүзеге асыру, биді бірлесіп дайындау мүмкіндігі арқылы балаларды құқықтық тәрбиелеу болып табылады. Аталған мақсатта Бәйдібек ауданының оқушылары «Менің мектебім буллингке қарсы!» жалпы Республикалық флешмобқа қатысты.
Буллинг (bullying) – ағылшын тілінен аударғанда, қорлау, қудалау, мазалау дегенді білдіреді. Адам үйде, мектепте, автобуста немесе интернетте, жалпы айтатын болсақ, кез келген жерде буллингке ұшырауы мүмкін. Сонымен қатар бұл физикалық агрессияны ғана емес, психологиялық қысым, қорқыту, тартып алу, қорлау дегенді білдіреді. Буллинг жасаушы (оқушы) мұны күшпен де, сөзбен кемсіту арқылы да жасайды әрі бұл әрекетін жиі қайталауы мүмкін және әлсіз оқушыны қорлап, күтпеген жерден немесе ескерту арқылы шабуыл жасайтын адамды сипаттайды.
Аталған іс — шараға оқушылар мен мұғалімдер қатысты.Осылайша, жасөспірімдер кемсіту, жәбірлеуге қарсы ой қалыптастыруға үлес қоспақ.
Айта кетейік, ауқымды шара сәуір айынан бастап өтіп келеді. Челленджге 48 мыңнан аса оқушы қатысып, мәселеге қатысты ойларын буллингке тап болғандарды қолдауға арналған суреттермен жеткізді. Биыл акцияда республика бойынша 550 мыңнан аса оқушы қатысты.Осындай іс-шаралар оқушылардың шығармашылық дамулары мен буллингке қарсы көзқарастарын білдіруге мүмкіндік тудырады.Бірлесе би билеген оқушылар: «БІЗДІҢ МЕКТЕП БУЛЛИНГКЕ ҚАРСЫ!» деп ұрандатты.
Аталған флешмоб әр мектептің өз ауласында «Батырлар ұраны» әнінің әуенімен өткізілді. Флешмобқа қатысқан мектеп ұстаздары мен оқушылары аса белсенділік танытып, «Менің мектебім буллингке қарсы!» деп ұрандады.