13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістан облысы: «Ұлттық құндылықтар – бабалар жолы» атты семинар өтті

18 мая, 2023
in Жаңалықтар
0
Түркістан облысы: «Ұлттық құндылықтар – бабалар жолы» атты семинар өтті
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгін облыс аумағында дін саласында қызмет атқаратын имамдар мен теологтардың біліктілігін арттыру, тұрғындар мен жастар арасында рухани, адами қасиеттер мен ұлттық құндылықтарды дәріптеу, жұмыс барысында туындайтын кемшіліктердің алдын-алу мақсатында семинар өтті. Отырар аудандық мәдениет сарайының мәжіліс залында өткен семинарға аудандағы діни бірлестік филиалдарының өкілдері, мешіт жамағаттары, ауыл тұрғындары қатысты.

«Ұлттық құндылықтар – бабалар жолы» атты семинар отырысын аудан әкімінің орынбасары Айдос Құлмаханов ашып, жүргізіп отырды.

Жиын барысында Түркістан облысы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ директоры Халыков Медет Мұзапбарұлы мен Қызылорда облысының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің теолог маманы Оспанов Бахтияр Есенкелдіұлы баяндама жасап, алдын алу, қарсы насихаттау мен оңалту ісінде дін саласындағы барлық субъектілерінің өзара байланысқан және жүйелі жұмысын ұйымдастыру қажеттілігін атап өтті.

Медет Мұзапбарұлы өз сөзінде: «Қазір діннің атын жамылған ағым да, ақпарат та өте көп. Сондықтан, қарапайым халық кімге сенерін білмей дал болады. Бұл тақырып күнделікті өмірде де, әлеуметтік желіде де жиі талқыға түседі. Шын мәнінде, қандай жағдай болмасын, атабабадан қалған асыл мұраны ұрпаққа жеткізу – бүгінгі буынның еншісінде. Мұра дегеніміз тек киіз үй, оюлы ағаш тегене, сәукеле мен шапан ғана емес, рухани байлық – ұлттық құндылығымыз»-деді.

Семинарда имамдар мен ауыл тұрғындары теле арналардағы жастардың санасын бұзатын кейбір бағдарламаларды тоқтату, мешіт имамдарына жағдай жасау, жастардың тәрбиесіне баса мән беру секілді бірқатар мәселелер бойынша сұрақтарын қойып, жұмысшы топ мүшелерінен қажетті жауаптарын алды.
Жиынды аудан әкімінің орынбасары А.Құлмаханұлы қорытындылап, ауданымызға арнайы келіп түсіндіру жұмыстарын жүргізген қонақтарға аудан халқының атынан шынайы алғысын айтты.

Previous Post

ОТЫРАР: Кітапханашылар «KitapХАН@» кітап оқу жобасындағы байқаудың облыстық кезеңіне жолдама алды

Next Post

Түркістан облысы: ЕҢ БАСТЫ ҚҰНДЫЛЫҚ БАБАЛАР ҰСТАНҒАН ЖОЛДЫ ЖАҢҒЫРТУ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі