13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістан облысы: ЕҢ БАСТЫ ҚҰНДЫЛЫҚ БАБАЛАР ҰСТАНҒАН ЖОЛДЫ ЖАҢҒЫРТУ

18 мая, 2023
in Жаңалықтар
0
Түркістан облысы: ЕҢ БАСТЫ ҚҰНДЫЛЫҚ БАБАЛАР ҰСТАНҒАН ЖОЛДЫ ЖАҢҒЫРТУ
Share on FacebookShare on Twitter

2023 жылдың 15-19 мамыр аралығында «Түркістан облысында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары бойынша семинар және әртүрлі форматтағы іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу» жобасын іске асыру көзделген. Осы мақсатта арнайы құрлыған республикалық ақпараттық түсіндіру тобы өңірімізде семинар-кездесулер ұйымдастырып, түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.

Ондағы басты мақсат облыс аумағында дін саласында қызмет атқаратын имамдар мен теологтардың біліктілігін арттыру, тұрғындар мен жастар арасында рухани, адами қасиеттер мен ұлттық құндылықтарды дәріптеу, жұмыс барысында туындайтын кемшіліктердің алдын-алу.

Бүгін аталған жұмысшы топ Отырар ауданына арнайы келіп Д.Құрманбек атындағы №20 колледждің студенттерімен, аудан жастарымен «Рухани — адамгершілік құндылықтарды, ұлттық дәстүрлермен мәдениетті насихаттау» тақырыбында кездесу өткізді.

Кездесуге ақпараттық топпен бірге аудан әкімінің орынбасары Айдос Құлмаханов, Д.Құрманбек атындағы №20 колледж директоры Талғат Бейсен, жастар ресурстық орталығының теолог маманы Назира Сауытбаева және БАҚ өкілдері қатысты.
Жиын барысында Түркістан облысы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ директоры Халыков Медет Мұзапбарұлы мен Қызылорда облысының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің теолог маманы Оспанов Бахтияр Есенкелдіұлы баяндама жасап, ең басты құндылық діни бірегейлік, бабалар ұстанған діни жолды жаңғырту және өскелең ұрпақ арасында молынан дәріптеуде екендігін атап өтті.

Тағылымы мол кездесуде жастар өздерін толғандырған мәселелер бойынша сауалдарын қойып, мамандар тарапынан толыққанды жауап алды.

Жиынды қорытындылаған аудан әкімінің орынбасары: «Тәрбие беруде ұлттық құндылықтарымыз арқылы жол көрсетер болсақ, жастарымыз қазақстан қоғамының әлеуметтік-мәдени өзгерістеріне жоғары мәдениетті деңгейде бейімделе алады деп ойлаймын»-дей келе, жастарға жасалған барлық мүмкіндіктерді пайдаланып сапалы білім алып, кәсіп меңгерудің маңыздылығын жеткізді.

Previous Post

Түркістан облысы: «Ұлттық құндылықтар – бабалар жолы» атты семинар өтті

Next Post

Түркістан облысы: Оқушылардың шығармашылығын шыңдау басты назарда

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі