Түркістан облысы,Отырар ауданы, «Сейтжан Құртаев атындағы шағын жинақты жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің кітапханашысы Малдыбаева Мейрамкүл, Мемлекет басшысы Қ. К. Тоқаевтың Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің төртінші отырысында берген тарсырмасын орындау мақсатында ұсынылған Республикалық «Оқуға құштар мектеп- оқуға құштар ұлт» жоба аясында жалпы педагогтерге арналған «KitapХАН@» кітап оқу жобасындағы ІІ айналымының 8-айлық кітап оқу сайысына қатысып жүлделі 1 орын иеленіп, облыстық кезеңге жолдама алды.
Кітапхана қызметкерлері республикалық және халықаралық конкурстар мен семинарларға белсенді қатысады.
Айта кетсек, осыған дейін, Түркістан облыстық Білім беруді дамыту орталығының ұйымдастыруымен және Түркістан облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағының қолдауымен Республикалық «Оқуға құштар мектеп – оқуға құштар ұлт» жобасы аясында Түркістан облысы білім беру мекемелерінің кітапханашылары мен педагогтеріне және білім беру мекемелерінің 5-10 сынып оқушылары мен колледж білім алушыларына арналған «KitapХАН@» кітап оқу жоба сайысы өткізілді.
Әр апталық шығарылымда оқырмандар өздері оқыған кітаптарын дәріптеді. Апталық жеңімпаздар әр айда айлық сайысқа шығып отырды. Бүгінгі күнге дейін педагогтер арасында 28 апталық, 7 айлық шығарылым өтсе, оқушылар арасында 17 апталық, 5 айлық шығарылым өтті.
Жеңімпаздарымызға Түркістан облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіподақ комитеті демеушілігімен апталық, айлық, кезеңдерде қаржылай сыйлық беріп отырды және жыл жеңімпаздарына велосипедтер мен теледидарлар сыйға тарту етілді.
Ал 24-мамыр күні «KitapХАН@» кітап оқу жоба сайысының жылдық кезеңі өтеді деп күтілуде.
Сондай-ақ, «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында көркем әдебиеттер тізімі 4 бағыт бойынша жүзеге асыру көзделген. Олар: еліміздің үздік классиктерінің кітаптары, ана тіліне аударылған шетелдік әлем әдебиетінің жауһарлары, қазіргі заманғы ақын-жазушылардың кітаптары және түрлі анықтамалықтар мен ғылыми-көпшілік басылымдармен, оқу-әдістемелік құралдарымен жасақтау. Жоспарды жүзеге асыру үшін жыл сайын мектептердің кітапханасын 20%-ға көркем әдебиетпен толықтыру жұмыстары жүргізілмек. Яғни бес жыл ішінде мектеп кітапханалары 100 пайыз көркем әдеби кітаптармен қамтылуы тиіс.