Отырар аудандық білім бөліміне қарасты Жамбыл орта мектебінде жалпы білім беру ұйымдарының кітапханашыларымен әдістемелік кабинет әдіскері Манаткүл Жаксыбаеваның ұйымдастыруымен кеше «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында «Кітапхана шығармашылық пен жаңашылдық әлемі» тақырыбында шығармашылық жұмыс жүргізілді.
Отырар жалпы орта мектебінің кітапханашысы Хадиша Жылқыбаева, С.Ерубаев мектебінің кітапханашысы Клара Әзімханова, С.Әлиев мектебінің кітапханашысы Айгул Раева, Темір мектебінің кітапханашысы Шынар Керімбаева шығармашылық жұмыстарын талқылап, оқырмандарды кітапқа деген қызығушылығын арттыру, білім сапасын көтеруде алуан түрлі әдістері пайдалана отырып кітапханашыларға білім беру әдістерін жаңа ұйымдастыруға көмек берді.
Еске салсақ, елімізде мектептерді кітаппен қамтамасыз ету, кітапханашылардың жұмысын қайта қарау, жұмыс істеп тұрған мектеп кітапханалары мен коворкинг орталықтарын жөндеу және жаңадан ашу, сондай-ақ балалар арасында жарыстар өткізу, кітап оқуға 20 минут уақыт бөлу және басқа да іс-шаралар ұйымдастырылды. 2020-2022 жылдың ішінде мектеп кітапханаларына 4 млн-ға жуық әдебиет сатып алынды.
Сондай-ақ мектептердегі демалыс орындарында ашық кітапханаларды дамытқымыз келеді. Кесте бойынша жұмыс істеп, кілтке жабылатын дәстүрлі мектеп кітапханаларынан басқа, біз кітап оқуға, тіпті үй тапсырмасын орындағысы келетіндерге мүмкіндік, жағдай жасалуда қолға алынуда. Қазірдің өзінде «Оқуға құштар мектеп» жобасының оң әсері өңірде байқалады. Сұраныстың арқасында ұсыныс пайда болып, ол нарықтың дамуына әсер етеді,- дейді жауаптылар. Соңғы жылда мемлекеттік тілдегі аударма әдебиеттер саны да күрт өскен.
Кітап оқуға деген қызығушылықтың артуы қазақ тіліндегі кітаптардың сатылымына да әсер етіп отыр, биыл айтарлықтай өсім тіркелген. Тіпті оқырман ретінде қазақ тіліне жоғары сапалы аударылған бестселлерлерді жиі кездестіруге болады. Мысалы, қазақ тілінде оқыған кітаптарымыздың бірі – «Хәрри Поттер» мен «Ғажайыптың» аудармалары. Сапалы басылымдар мен қазақстандық авторлардың көбейіп келе жатқаны да қуантады,-дейді мамандар.