Сарыағаш аудандық білім бөлімінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні әдіскері Гүлжауһар Орманованың ұйымдастыруымен 2022-2023 оқу жылындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша олимпиада мен байқаулардың республикалық, облыстық кезеңдерінде жеңімпаз атанып, жүлделі орындарға ие болған бірқатар дарынды оқушыларымызды бөлім басшысы марапаттады.
№1 М.Әуезов атындағы мектеп-гимназияның 11-сынып оқушысы Исмат Мерей Республикалық «Абайтану» олимпиадасының облыстық кезеңінде І орынды иеленді. Жетекшісі: Бимуратова Жазира Аргымбаевна
№24 Ж.Сүлейменов атындағы ЖОБББМ 10-сынып оқушысы Оразхожа Диана Республикалық «Абайтану» олимпиадасының облыстық кезеңінде жүлделі ІІІ орын иеленді. Жетекшісі: Ботабекова Гулнар
№74 ЖОББМ 9-сынып оқушысы Ережеп Таңшолпан Республикалық «Абайтану» олимпиадасының облыстық кезеңінде мақтау қағазымен марапатталды. Жетекшісі: Анарбаева Айнұр
№20 Амангелді атындағы ЖОББМ 10-сынып оқушысы Нуриддинов Мұхтар Республикалық «Мұқағали оқулары» облыстық кезеңінен жүлделі І орынды иеленді. Жетекшісі: Абдразахов Мейржан
№72 ЖОББМ 8-сынып оқушысы Джайшибек Ақмаржан Республикалық «Мұқағали оқулары» облыстық кезеңінен жүлделі ІІ орынды иеленді. Жетекшісі: Агабекова Күляш
№25 Ә.Молдағұлова атындағы ЖОББМ 9-сынып оқушысы Еркін Нұрасыл Республикалық «Мұқағали оқулары» облыстық кезеңінде мақтау қағазымен марапатталды. Жетекшісі: Муталова Лаура
№55 О.Жәутіков атындағы ЖОББМ 7-сынып Мусабеков Мейірбек Төле бидің 360 жылдығы, Қаз дауысты Қазыбек бидің 355 жылдығы және Әйтеке бидің 340 жылдығына арналған «Қазақ қоғамындағы би шешендер мұрасы» тақырыбында 5-7, 8-10 сынып оқушылары арасында өткізілген облыстық ғылыми жоба байқауынан жүлделі ІІ орынды иеленіп, республикалық кезеңіне жолдама алды. Жетекшісі: Билибекова Айгүл
№32 Қ.Аманжолов атындағы ЖОББМ 8-сынып оқушысы Ержанұлы Дінмұхаммед Республикалық «Мәшһүр-Жүсіп оқулары» облыстық кезеңінде, ақындар мүшәйрасынан жүлделі ІІ орынды иеленді. Жетекшісі: Дусанов Нурбол
№30 С.Торайғыров атындағы ЖОББМ 8-сынып оқушысы Махмұтали Ернұр Республикалық «Мәшһүр-Жүсіп оқулары» облыстық кезеңінде, ғылыми жобадан жүлделі ІІІ орынды иеленді. Жетекшісі: Қосмұратова Мастура
№6 Ж.Аймауытов атындағы ЖОББМ 10-сынып оқушысы Ташкенбай Ақниет Республикалық «Мәшһүр-Жүсіп оқулары» облыстық кезеңінде, «Ұлы даланың ұлы есімдері» бағытынан жүлделі ІІІ орынды иеленді. Жетекшісі: Тоқмырзаева Айнұр
№52 М.Өтемісұлы атындағы ЖОББМ 9-сынып оқушысы Жұмадилла Нұрсая Республикалық «Мәшһүр-Жүсіп оқулары» облыстық кезеңінде, эссе жазу бағытынан жүлделі ІІІ орынды иеленді. Жетекшісі: Абдишева Пакизада
Дарынды оқушыларды жеңістерімен құттықтаймыз!!!