13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: БАЛАБАҚШАДА АЙМАҚТЫҚ ТӘЖІРИБЕЛІК СЕМИНАР ӨТТІ

18 мая, 2023
in Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: БАЛАБАҚШАДА АЙМАҚТЫҚ ТӘЖІРИБЕЛІК СЕМИНАР ӨТТІ
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысы Адами әлеуетті дамыту басқармасына қарасты Білім беруді дамыту орталығының жылдық жұмыс жоспарына сәйкес, Отырар аудандық білім бөлімінің «Алпамыс» МКҚК бөбекжай-балабақшасында «Мектепке дейінгі ұйымда ұлттық құндылықтар мен инновациялық білім беру жағдайындағы педагог креативтілігі» тақырыбында аймақтық тәжірибелік семинар өтті.

Семинарда педагогтардың жаңартылған бағдарламасы бойынша теориялық әдістемелік білімін жаңғырту, тәжірибе алмасу, тәрбиешілердің кәсіби құзыреттілігін арттыруды мақсат етілді. Семинар теориялық және тәжірибелік бағыты бойынша өткізілді.

Ұлттық мәдениеттің шығу тегі мен ұлттық ойындар арқылы балалардың белсенділігін дамыту мақсатында ұйымдастырылған семинарға Жамбыл облысы оқу-әдістемелік орталығының мамандары мен Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты «Мектепке дейінгі білім беруді дамыту орталығы» мамандары және облыстың 17 ауданның мектепке дейінгі ұйым педагогтері қатысты.

Одан бөлек, семинар барысында «Блум кубигі», «Воскобович шаршысы», «Танграм» интеллектуалдық-логикалық ойындары балалардың ой-қиялын, тез шешім қабылдау қабілетін арттыру үшін қолданылды. Ойындарды бүлдіршіндер өте қызығушылықпен ойнап, шапшаңдық пен тапқырлық танытып, әртүрлі тапрсырмаларды орындады.
Семинар аясында Түлкібас, Ордабасы, Келес, Түркістан, Отырар аудандарының үздік шығармашыл педагогтері «Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында Су-джок терапиясының халықтық педагогикамен ұштастырудың тиімділігі», «Мобильді кітапхана» жобасы, «Арт терапия балабақшада», «Сөйлеу тілі жалпы дамымаған балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту жолдары», «Ойын арқылы оқыту технологиясы» жобасы тақырыптарында кіші жобалық жұмыстар, психологиялық тренингтер, іскерлік ойындар мен шебер-сыныптар педагогтерге ұсынылып, іс-тәжірибелерімен бөлісті.

Previous Post

ТҮРКІСТАНДА «МЕМЛЕКЕТТІК КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ САПАСЫН АРТТЫРУ» ТАҚЫРЫБЫНДА ОБЛЫСТЫҚ СЕМИНАР ӨТТІ

Next Post

САРЫАҒАШ: БӨЛІМ БАСШЫСЫ ДӘУЛЕТ АКАТОВ ДАРЫНДЫ ОҚУШЫЛАРДЫ МАРАПАТТАДЫ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі