13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮЛКІБАС: БІЛІМ ҰЯСЫНДА «ТУҒАН ЖЕРДІҢ ТҮЛЕГІ, ТЕҢІЗДЕЙ ТЕРЕҢ — МАРХАБАТ» ОНКҮНДІГІ АШЫЛДЫ

17 мая, 2023
in Жаңалықтар
0
ТҮЛКІБАС: БІЛІМ ҰЯСЫНДА «ТУҒАН ЖЕРДІҢ ТҮЛЕГІ, ТЕҢІЗДЕЙ ТЕРЕҢ — МАРХАБАТ» ОНКҮНДІГІ АШЫЛДЫ
Share on FacebookShare on Twitter

Түлкібас ауданының адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты Бауыржан Момышұлы атындағы жалпы орта мектебінде Түлкібас ауданының тумасы, журналист, аудармашы, ҚР-ның еңбек сіңірген қайраткері Мархабат Байғұтты еске алу мақсатында «Туған жердің түлегі, теңіздей терең — Мархабат» атты онкүндік іс-шарасының ашылуы өтті.

Ондағы басты мақсат — қаламгердің шығармаларын кеңінен насихаттау, оқырмандардың көркем әдеби шығармаларды оқуға деген құштарлығын, қызығушылығын ояту, кітап әлеміне бетбұрыс жасауға баулу.

Онкүндікті мектеп директоры Н.Асилбеков ашып, Мархабат Байғұттың Оңтүстік өңіріне қосқан сүбелі еңбектерін атап өтіп, ауданның дамуына, көркеюіне үлес қосқан еңбектерін, шығармаларын айтып, оқушыларды кітап оқуға шақырды.
Айта кетейік, біраз жылдан Түлкібас ауданында дәстүрлі «Мархабат оқулары» байқауы өтіп келеді. Бұл жолғы қаламгер Мархабат Байғұттың шығармаларын насихаттау мақсатында өткізілген іс-шарасы бұдан кейін де аудан көлемінде жыл бойы өз жалғасын таба бермек.

Мархабат Байғұттың басты ерекшелігі – әңгіме жазуға жақындығы мен бейімділігі дер едік. Қаламгердің бұл ерекшелігін сыншы Сайлаубек Жұмабек біршама таратып айтады: «Көрнекті суреткер Мархабат Байғұт әңгіме жанрында тұрақты әрі жемісті түрде еңбектеніп келеді. Оның осынау ең елгезек, ең қиын, ең елеусіз жанрда – әңгіме жанрындағы көркемдік табыстары, кез келген антологияның көркі боларлық көптеген туындылары бар. Ол күні кеше өзі көзін көрген, талантын құрметтеген Тәкен Әлімқұлов, Асқар Сүлейменов, Қарауылбек Қазиев және әрқашан құрметтеумен келетін Шерхан Мұртаза, Әбіш Кекілбайұлы, Дулат Исабеков, Бексұлтан Нұржекеұлы тәрізді әріптес ағаларының қатарында тынымсыз еңбектеніп, биіктен биіктерге өз талантының күшімен, сиқырымен өрлеумен келеді».
Мархабат Байғұт 1945 жылы 25 мамырда Түркістан облысы Түлкібас ауданында дүниеге келген. Ұзақ жылдар бойы аудандық, облыстық басылымдарда, облыстық партия комитетінде жауапты қызметтер атқарған. Жазушының «Шілде», «Нәуірзек», «Қорғансыз жүрек», «Серт пен сенім» және тағы да басқа кітаптары жарық көрген. Оның шығармалары орыс, украин, өзбек, түрік, қарақалпақ, саха тілдеріне аударылған. Сонымен қатар, қаламгер В.Шукшиннің, Ю.Покальчуктің, Ш.Айтматовтың шығармаларын, У.Ирвингтің Мұхаммед пайғамбар туралы кітабын қазақ тіліне аударған.

Previous Post

Түркістан облысы: БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ БАСШЫЛАРЫ ЖЕКЕ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ КІРІСТЕРІ МЕН МҮЛКІН ЖАЛПЫҒА БІРДЕЙ ДЕКЛАРАЦИЯЛАУ БОЙЫНША ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Next Post

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИЛІК ПЕДАГОГ ОРТЕКЕ ҚУЫРШАҒЫ АРҚЫЛЫ БАЛАНЫҢ ДОМБЫРАҒА ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҒЫН АРТТЫРУДА

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі