Келес ауданында білім беру мекемелерінің басшыларымен бірге жеке тұлғалардың кірістері мен мүлкін жалпыға бірдей декларациялау бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Жалпыға бірдей декларациялауға көшудің мақсаты көлеңкелі экономикамен және сыбайлас жемқорлық көріністерімен күресу үшін жеке тұлғалардың табыстары мен мүлкін тиімді бақылау жүйесін құру, сондай-ақ салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді жинауды қамтамасыз етудегі мемлекеттің рөлін күшейту болып табылады.
Мемлекеттің басым міндеттерінің бірі салық салуды нақты және сауатты басқару болып табылады, өйткені бұл процестің ұйымдастырылу деңгейіне елдің салық саясатының тиімділігі байланысты. Салық салу — мемлекеттің ең көне функциясы және экономикалық және әлеуметтік даму жолындағы қоғам дамуының негізгі шарттарының бірі. Халықаралық тәжірибе көрсеткендей, көлеңкелі экономиканың мөлшерін азайту мақсатында жеке тұлғалардың табыстарына салық салуды толық көлемде әкімшілендіру міндетін шешудің маңызды шарты халықтың табыстары мен мүлкін жалпыға бірдей декларациялау болып отыр.
Айта өтсек, Жеке тұлғаның кірістері мен мүлкі туралы декларациялар 2023 жылғы 1 қаңтарда кірістері мен мүлкі туралы декларацияны 2021 жылы жалпыға бірдей декларациялаудың бірінші кезеңіне кірген және бұрын активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны ұсынған тұлғалар ұсынуды жалғастырады. Оларға мемлекеттік қызметшілер, оларға теңестірілген тұлғалар, банк, сақтандыру нарықтары мен бағалы қағаздар нарығының ірі қатысушылары, сондай-ақ аталған адамдардың барлығының жұбайлары жатады.
Екінші кезеңде – 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері мен олардың жұбайлары, сондай-ақ квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметкерлері мен олардың жұбайлары үшін декларациялау.
Осылайша, 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап жалпыға бірдей Декларациялау жүйесіне кірген мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері мен олардың жұбайлары, квазимемлекеттік сектордың қызметкерлері және олардың жұбайлары 2023 жылы активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны (250.00-нысан) ұсыну арқылы 2024 жылы кірістер мен мүлік туралы декларацияны (270.00-нысан) ұсынады.
Үшінші кезеңде — 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап заңды тұлғалардың басшылары мен құрылтайшылары және олардың жұбайлары, жеке кәсіпкерлер мен олардың жұбайлары декларациялауға жатады.
Төртінші кезеңде — 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап азаматтардың қалған санаты декларациялауға жатады.
Декларация — бұл салық салынатын жеке тұлғаның табысы туралы есеп жеке тұлғаның салық декларацияларында, сондай-ақ уәкілетті органдардың және жеке табыс салығы бойынша салық міндеттемесінің туындауына әкеп соғатын үшінші тұлғалардың деректері бойынша ол көрсеткен мәліметтердің толықтығы мен дұрыстығын айқындау мақсатында қолданылады.