13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: Келес ауданында жастарды дамытатын мәдени орталық салынады

17 мая, 2023
in Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН: Келес ауданында жастарды дамытатын мәдени орталық салынады
Share on FacebookShare on Twitter

Келес ауданында 2024 және 2025 жылдарға 5 мектептің құрылыс жұмыстарын аяқтау жоспарланған. Келес ауданында жастарды дамытуға арналған мәдени орталық салынады. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасымен өңірдегі барлық аудан орталықтарында заманауи үлгідегі мәдени ошақтарды салу жоспарланғаны белгілі.

«Жаңа буын орталығы» деп аталатын мәдениет нысандары көпфункционалды болмақ. Солардың бірі Келес ауданында бой көтереді. Келес ауданында «Жаңа буын орталығының» құрылысын жүргізу үшін Абай ауылындағы Асан қайғы көшесінде орналасқан бұрынғы мақта қабылдау пунктінің ішінен 0,50 га жер телімі қарастырылып, мемлекеттік актісі алынды. Жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеуге облыстық бюджет есебінен қажетті қаржы бөлінген. Сонымен қатар аталған аймақта «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 600 орынға лайықталған жаңа мектептің құрылысы мен мұражай және спорт кешені салынады. Бұл туралы Келес аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Мұрат Юсупов сегізінші шақырылымдағы Келес аудандық мәслихатының кезекті екінші сессиясында атап өтті.

Сессияға аудан әкімі Жәнібек Ағыбаев, аудандық мәслихаттың төрағасы Нұржан Шаулиев, аудандық мәслихаттың депутаттары, аудан әкімінің орынбасарлары, бөлім мен мекеме басшылары, ауыл, ауылдық округтерінің әкімдері қатысты. Бөлім басшысының мәліметіне сәйкес бүгінде ауданда 2 мектептің құрылысы жүргізілуде. Сонымен қатар Жамбыл және Қошқарата елді мекендерінде мәдениет үйлерінің құрылысы биыл аяқталуы тиіс. Аудан бойынша «Жайлы мектеп» білім беру саласындағы пилоттық ұлттық жобасы аясында 2024 және 2025 жылдарға 5 мектептің құрылыс жұмыстарын аяқтау жоспарланған.

Previous Post

Түркістан облысы: Білім ошақтарында "Білімді ұрпақ - білімді ел" атты конференция өтті

Next Post

Түркістан облысы: БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ БАСШЫЛАРЫ ЖЕКЕ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ КІРІСТЕРІ МЕН МҮЛКІН ЖАЛПЫҒА БІРДЕЙ ДЕКЛАРАЦИЯЛАУ БОЙЫНША ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі