«Ауылдық жерлерде тірек мектептердің әлеуетін дамыту» жобасы аясындағы «Білімді ұрпақ — білімді ел» атты конференцияға мектебіміздің директоры Сағындықов Әуесхан Әлкенұлы қатысуда. Алдағы таңда, мектебіміздің базасы осы жоба аясында заманауи технологиялармен жабдықталады деп күтілуде.
Білім жүйесінде бірлескен жедел шешімді талап ететін әлі де бірқатар маңызды мәселе бар. Мәселен, қазіргі ең өзекті мәселелердің бірі – мектепке дейінгі және орта білім берудегі орын тапшылығы. Оған қоса өңірлік бөліністе білім сапасының алшақтығы байқалады, яғни өңірлердегі білім сапасы әртүрлі болып отыр. Сондай-ақ өңірлерде педагогтердің және басқару кадрларының тапшылығы байқалады.
Шалғайда орналасқан 3 мың мектеп жылдам интернетке қол жеткізе алмай отыр. Жоғары оқу орындары студенттерінің жатақханаға қажеттілігі сезіледі. Қазіргі уақытта 70 мың орын тапшылығы бар. Халықаралық зерттеу нәтижесі бойынша қала мен ауыл арасындағы білім сапасының алшақтығы 38 ұпайды құрайды. Үкімет пен орталық және жергілікті органдардың алдында халықаралық стандарттарға жету міндеті тұр. Бұл үшін көп жұмыс істеу керек. Үкімет білім берудің барлық деңгейінде инфрақұрылымды дамыту, оқу сапасын жақсарту, тәрбие жұмысын күшейту, педагог мамандығының тартымдылығын арттыру бойынша үлкен жұмыс жүргізіп жатыр.
Елімізде тапшылық мәселесін шешу үшін 2026 жылға дейін оқушыға арналған 1,5 млн орнын ашуды жоспарлап отырмыз. Олардың бір бөлігі «Жайлы мектеп ұлттық жобасы бойынша салынады. Басқа бөлігі инфрақұрылымды дамыту қоры арқылы төленеді. Сондай-ақ, елде «Білім беру өзгерістерінің мың көшбасшысы» бағдарламасы қалыптасып жатыр. 2025 жылға дейін шағын қалаларда, аудан орталықтарында және ауылдарда 5 мың мектеп жаңғыртылады. Роботтехника, химия, биология, физика, STEM бойынша 7 мың заманауи мектеп кабинеті ашылады.
Конференцияда «Білім жүйесінің жетістігі сараланды. Жалпы, мұғалімдер, оқушылар, мектеп директорлары, ата-аналар, ғылыми орталықтар, атқарушы органдар арасында коммуникацияның дұрыс құрылуына байланысты болып отыр. Осы орайда жауапкершіліктің дұрыс құрылуы маңызды.
Атап айтқанда, сынып ішінде мұғалім білім сапасына толық жауапты болса, мектеп басшысы – мектеп деңгейінде білім беру сапасына және коллаборацияға жауапты. Қазіргі уақытта Қазақстанда білім басқарушыларының жүйелі даярлау бағдарламасын әзірлеу қажеттілігі туындап отыр.