13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: Жетісайда терроризмге қарсы оқу-жаттығу өтті

17 мая, 2023
in Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН: Жетісайда терроризмге қарсы оқу-жаттығу өтті
Share on FacebookShare on Twitter

Жарақаттың түрі мен қауіптілігіне қарай таңу жолдарын оқушыларға түсіндірді.Жетісай ауданында терроризмге қарсы оқу-жаттығу өтті. Сырт көзге көріне бермейтін террорлық әрекеттер кезінде адам шығынын болдырмау, алдын алу шараларын мекемелерде, әсіресе, білім беру ошақтарында тиісті деңгейде ұйымдастыру аса маңызды. Өйткені, жалпы орта мектептердің оқушылары мен мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің тәрбиеленушілері кез-келген төтенше жағдайда өзін жоғалтып, қауіпті сәттерге ұшырауы әбден мүмкін. Міне, мұндай олқылықтарды болдырмау мақсатында Жетісай ауданының адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты А.Байтұрсынұлы жалпы орта мектебінде өткен оқу-жаттығу шарасы барысында мектепте дабыл соғысымен оқушылар мен ұстаздар түгелдей эвакуациялық ережеге сәйкес іс-әрекет жасап, ашық алаңқайға жиналды.

Арнайы белгіленген посттарда төтенше жағдайға байланысты кезекшілік жасаған жоғарғы сыныптың оқушылары кәнігі құтқарушылардай әрекет жасады. Жарақат алғандарды қауіпсіз аймақтарға жеткізді. Қауіпсіз аймақта мектеп медбикелері жарақат алғандарға алғашқы медициналық көмек көрсетті. Жарақаттың түрі мен қауіптілігіне қарай таңу жолдарын оқушыларға түсіндірді. «Шараны ұйымдастырудағы мақсатымыз – террорлық акт жағдайларында оқушыларымыз да, ұстаздарымыз да абдырап қалмай ережеге сай әрекет ете алатындықтарына көз жеткізу. Эвакуация барысында өзіне ғана емес, қасындағы сыныптас досына да көмектесу жолдарын үйрету болып табылады» — дейді аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы Ғазиза Шүкірбаева.

Дабыл қағылған сәттен бастап шұғыл әрекет еткен күштік құрылым өкілдері мектеп қызметкерлері мен оқушыларына террорлық акт болған жағдайда әрекет ету жолдары, өзін-өзі ұстау талаптары, тиісті орындарға хабар беру, қауіпсіздікті сақтау, эвакуациялауды ұйымдастыру талаптары мен дабыл түймесі, турникеттер және бейнекамералар секілді техникалық құралдардың жұмыс істеуі, пайдалану жолдары туралы нұсқаулықтар берді. «Төтенше және террорлық акт жағдайларына қатысты оқу-жаттығу шараларын жылына 4 рет барлық мектептерде өткізіліп отырады. Оқушыларымызға да, ұстаздарымызға да теориялық білім беру, ережелерді түсіндіру жұмыстарын жүйелі жүргізу – әрбір білім беру ұйымдары басшыларының тікелей бақылауында тұрған іс», — дейді аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің әдіскері Бауыржан Кеттебеков. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі мен ҚР Премьер-Министрі Ә.Смайыловтың 2023 жылғы 27 сәуірдегі тапсырмасына сәйкес білім беру объектісін терроризмге қарсы қорғауды ұйымдастыру оқу-жаттығуларының басты мақсаты – білім беру нысандарын терроризмге қарсы қорғауды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулық шеңберінде бекітілген алгоритмді пысықтау болып саналады.

Previous Post

ШЫМКЕНТ: Бас дәрігер Бозарық тұрғындарымен кездесті

Next Post

Түркістан облысы: Білім ошақтарында "Білімді ұрпақ - білімді ел" атты конференция өтті

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі