13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ШЫМКЕНТ: Бас дәрігер Бозарық тұрғындарымен кездесті

17 мая, 2023
in Жаңалықтар
0
ШЫМКЕНТ: Бас дәрігер Бозарық тұрғындарымен кездесті
Share on FacebookShare on Twitter

Қаланың бас дәрігері кездесуде жергілікті халықтың пікірін тыңдады. Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асылбеков Нұрлыбек Бозарық шағынауданының тұрғындарымен кездесті. Қаланың бас дәрігері кездесуде жергілікті халықтың пікірін тыңдап, медицина саласындағы мәселелерін талқылады. Тұрғындар басқарма басшысына бейінді дәрігерлерге қаралу, дәрі дәрмекпен қамтамасыз ету және диагностикалық тексерілу сынды проблемаларын айтты.

Сондай-ақ, басқарма басшысы Бозарықтағы дәрігерлік амбулаторияны аралап шықты. Аралау барысында Нұрлыбек Абибуллаұлы “Атамекен” медицина орталығына Бозарықтағы амбулаторияны бейінді дәрігерлермен қамтамасыз етуді және халықты тегін медициналық қызметпен қамтамасыз ету үшін ақпараттандыру жұмыстары бойынша жауаптыларға ескерту берді. Кездесу барысында басқарма басшысы аталмыш орталық мамандарына медициналық көмек көрсетуде жауапкершілігін арттырып, сапасыздықты алдын алу бойынша бірқатар тапсырмалар берді. Кездесу соңында тұрғындарға қаланың бас дәрігері шағынауданда тағы медициналық ғимарат ашу және күндізгі стационардағы қызметті жандандыру қажеттілігін айтып өтті.

Айта кетейік, жалпы Шымкент қаласы бойынша стационарлық көмек көрсететін 15 медициналық ұйым бар. Ал, жалпы төсек-орын саны 3407 құрайды. Сонымен қатар, қалада көп бейінді 4 стационар бар. Оның ішінде қалалық клиникалық ауруханасында 490 төсек орын, №2 қалалық ауруханасында 390 төсек орын, №3 қалалық ауруханасында 210 төсек орын, қалалық балалар клиникалық ауруханасында 315 төсек орын бар. Сондай-ақ қалада 5 монопрофильді стационар да жұмыс істейді. Шымкент жүрек орталығында 134 төсек орын, қалалық онкологиялық орталықта 231 төсек орын, Т.О.Орынбаев атындағы гипербарикалық оксигенация орталығында 125 төсек орын, психикалық денсаулық орталығында 435 төсек орын, қалалық жұқпалы аурулар ауруханасы 360 төсек орынмен жабдықталған.

Previous Post

ШЫМКЕНТ: Қазақстандағы метрологияның 100 жылдығына орай дөңгелек үстел өтті

Next Post

ТҮРКІСТАН: Жетісайда терроризмге қарсы оқу-жаттығу өтті

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі