Ордабасы аудандық білім бөлімінің «Өнер мектебі» МКҚК-ның ұйымдастыруымен «Өнерлі ол өлке өрендері» атты жылдық есеп беру концерті өтті.
Сурет және қолөнер көрмесімен ашылған іс-шара аясында Өнер мектебінің 2022-2023 оқу жылындағы атқарған жұмыстары мен жеткен жетістіктері туралы бейнеролик көрсетіліп, көрермендер «Кербез» би ансамблінің «Ақбаян» биін тамашалады.
Жарты ғасырға жуық тарихы бар өнер ұжымының атқарып жатқан еселі еңбегі сахнада өнер көрсеткен өнерпаздардың аяқ алысынан-ақ байқалып тұрды. Екі сағатқа жалғасқан концер соңында адами әлеуетті дамыту бөлімінің әдістемелік кабинет меңгерушісі Бекпейісов Бақытжан Бектұрғанұлы өнерпаздарға ыстық ықыласын білдіре отырып, оқу жылында жетістікке жеткен ұстаздарды «Алғыс хатпен» марапаттады. Өнер ұжымына толағай табыстар тіледі. Аталған іс-шара өз көрермендеріне көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Кіші жастан белсенді шығармашылық процеске әдеттеніп, өз ойын өнердің әр қыры мен түрі арқылы қызығушылығымен танытса ғана бала белсенді шығармашылыққа қалыптаса бастайды. Ерте жастан баланың өнерге қызығушылығы өздігінен туылмайды, оған көптеген факторлар әсер етеді. Олар — қоршаған орта, отбасы, бала — бақша, мектеп. Адамгершілік тәрбие бүгінгі қоғамда болып жатқан әлеуметтік — экономикалық және саяси өзгерістер барысында ең басты көкейкесті проблемаға айналып отыр. Музыкалық шығармаларда өмір құбылыстарының сан қырлы бейнеленуі, поэзия мен музыканың өзара байланыста болып, бірін — бірі толықтыра келуі бала жанына жағымды ықпал етеді. Рухани қазынаның мөлдір бастау — бұлағынан жас кезінен нәр ала білген бала адамгершілік асыл қасиеттерді бойына сіңіріп өседі.Қазіргі кезде елімізде жалпы білім беретін мектептердің алдында маңызды міндеттер қойылып отыр. Жалпы алғанда, оқуды өнімді еңбекпен ұштастырудың принципін толығырақ жүзеге асыру, оқудың тиімділігін арттыруға, қазіргі қоғамның саналы құрылысшыларын тәрбиелеуге күш салу керек.
Әрбір мектеп пәні өз мүмкіндігіне қарай оқушыларға еңбек пен мамандық әлемі туралы мағлұмат береді. Ал, осындағы еңбекке баулу пәні ерекше орын алады, өйткені бұл сабақта оқушылар жалпы таныммен қатар еліміздің халық шаруашылығында жұмыс істеуіне қажетті жалпы еңбек біліктілігі мен дағдысын үйреніп, белгілі бір мамандықты игеруге ұмтылады.
Кәсіптік бағдар алдымен жалпы білім беретін бастауыш мектептен бастап жастардың бойында белсенді өмірлік бағытты қалыптастыру негізінде құрылуы тиіс. Бұл міндетті шешуде еңбекке баулу пәнінің мол мүмкіндігі бар. Технология пәнінің мұғалімі өз шәкіртінің шеберханадағы жұмыс нәтижесіне, олар атқаратын жұмыстың сапалығы мен өзіндік ерекшелігіне, жаңа білім мен дағдыны игеру тездігіне яғни еңбектің нақты бір саласы бойынша қабілетін таныта білгендігіне қарап, олардың кәсіби қабілетін айқындай алады.