Сайрам ауданы адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты Ибрагим Ата атындағы жалпы орта мектебінде Шымкент қаласы химия — биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебімен бірлескен «Оқу жетістігін бағалау және құндылықтарға негізделген білім беру» тақырыбында тәжірибе алмасу семинары өткізілді.
Іс шараның басты мақсаты:
1. Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылардың оқу жетістігін бағалау және құндылықтарға негізделген білім беруді үйрену;
2. Серіктес Назарбаев зияткерлік мектебімен тәжірибе алмасу және тарату.
Семинар бағдарламасы бойынша мектеп мұғалімдері ашық сабақтар өтіп, семинарға келіп, қатысып отырған НЗМ және аудан мектептерінің мұғалімдерімен өз тәжірибелерін бөлісті.
Атап айтар болсақ: Умарбекова Халида, Джаббаркулова Лола, Сатибалдиева Мухайё, Розакулова Шахноза, Акрамов Зафаржан сынды озық тәжірибелі ұстаздар ашық сабақтар өтіп, іс-тәжірибелерімен бөлісті.
Семинар соңында НЗМ тренерлері мектеп мұғалімдеріне «Оқу жетістігіндегі бағалау», «Оқу-тәрбиедегі құндылықтар» тақырыбында семинар сабақ өтті.
Бүгінгі таңда Қазақстанда білім берудің деңгейі мен сапасына жаңа талаптар қойылып отыр. Қазақстан Республикасында соңғы жылдары білім беру саласындағы жүргізіліп жатқан реформалар еліміздегі білім беру сапасының әлемдік деңгейге сәйкес келуін қамтамасыз ету, сол арқылы әлемдік сұранысқа жауап бере алатын мамандарды даярлау және бәсекеге қабілетті білім беру болып табылады. Сапалы білім беру – оқыту мен тәрбиелеудің үздіксіз үдерісі. Қазіргі кезде білім берудегі мақсат жан-жақты білімді, өмір сүруге бейім өзіндік ой- талғамы бар, адамгершілігі жоғары, қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру. Бұрын оқытуда оқушылар тек қана тыңдаушы, орындаушы болып келсе, ал қазіргі оқушы өздігінен білім іздейтін жеке тұлға екендігіне ерекше мән беруіміз керек.
Бүгінгі білім беруде оқушыны білімділік, іскерлік, шығармашылық әдістерге баулудың жолдарын іздестіре отырып, мұғалім-шәкірт арасында рухани және сезім бірлестігін айқындайды. Қазіргі кезде оған жететін жаңа педагогикалық технологияларда баршылық. Соның бірі — критериалды бағалау жолдары.
Ибрагим Ата атындағы жалпы орта мектеп директоры Ф.Исмайлова Назарбаев зияткерлік мектебінен келген тренерлер және семинарға келген мұғалімдер арасында «Дөңгелек үстел» ұйымдастырылып, өткізілген семинарды талқылап, семинарды қорытындылады.
Аталған семинар өз дәрежесінде өтіп, қатысқан мұғалімдер біраз тәжірибе жинақтап, көңілдеріне ой түйіп қайтты деген ойдамыз.