Ағылшын тілінің онкүндігіне байланысты №20 С.Сейфуллин атындағы мектеп-гимназиясында 16 мамыр күні шет тілі пәні мұғалімі Бекназарова Жадыра 6 «Б» сыныбымен “Comparative adjectives” тақырыбында ашық сабақ өткізді.
Aшық сабақтың мақсаты — оқушыларға сын есімді салыстыру туралы түсінік беру, оқушылардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне ықпал ету, ойлау шеберлігін сөйлеу мәдениетін арттыру. Ашық сабакта оқушылар салыстырмалы шырайға байланысты ережені қолданып Comparatives Quiz-ге жауап берді, бейнебаянмен бой сергіту жаттығулары жасалынды. Оқушылар тапсырмалар орындау кезінде бір-бірінің жұмыстарына түзетулер енгізді.
Шетел тілінде оқушылар дұрыс қарым – қатынас жасай алу үшін, олар ауызша айтылған сөзді тыңдап түсінулері тиіс. Тыңдап түсіну – сөйлеудің серігі, сөйлеу экспрессивті формаға жатса, тыңдау импрессивті формаға жатады. Ауызша айтылған сөзді қабылдау мен түсіну өте күрделі психикалық әрекет. Тыңдап түсіну қысқа мерзімдік және ұзақ мерзімдік еске, қабылдауға, логикаға, санаға, ажырату және таным механизмдеріне, салыстыруға, жинақтауға байланысты. Тыңдап түсіну барысында оқушылардың санасында фонетикалық және интонациялық есту қабілетін қалыптастыру керек, себебі бұл күрделі процесс болғандықтан жалпыға ортақ қиындықтарды және арнайы қиындықтарды ескеру қажет.
Қазақстан Республикасы әлемдік бірлестікке кірген заманда білімнің рөлі мен маңызы артты. Мәдениетті жоғары XXI – ғасыр адамын қалыптастыру міндеті білім беру ісін ірілендіру қажетті мектеп пен қоғам алдында жаңа маңызды мәселелер қойып отыр. Жалпы орта білім беретін мектептерде шетел тілдерінің мазмұны анықталып, оған қойылатын талаптар нақтылануда. Шетел тілін ана және орыс тілімен қатар оқыту арқылы мұғалім оқушылардың тыңдап түсіну, сөйлеу, оқу және жазу іскерліктері мен дағдыларын жетілдіріп қана қоймайды, оларды өзін қоршаған айналасындағы адамдармен қарым – қатынас мәдениетіне де үйретеді. Оқушылардың шетел тілінде сөйлеу қабілеттерін жетілдіру мектепте берілетін бүкіл білім мазмұнының негізгі мақсаты болып табылады. Шетел тілі арқылы оқушылар әлемді таниды, тілін оқып жатқан елдің мәдениетімен, өмірімен танысады.
Мұғалім жаңа әдістерді қолдана отырып, тақырып бойынша тапсырмалар ұсынды оқушылар жеңіл орындады. Cабақ соңында Тик Ток әдісі арқылы сабақ бойынша рефлексия жүргізіп сабақтан алған әсерлерімен бөлісті.
Ағылшын тілі — халықаралық тіл. Әлемдегі ең көп тараған, әрі қытай тілінен кейінгі халық саны бойынша ең көп пайдаланатын тіл. Ағылшын тілі — БҰҰ- ның алты тілінің бірі болып саналады. Ағылшын тілі заманымызда өте маңызды рөл алып отыр. Қазіргі таңдағы мектептерде ағылшын тілі тереңдетілген негізгі пәндер арасына тікелей кірген.