13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

СОЗАҚ: АУДАНДЫҚ АТА-АНАЛАРМЕН КЕЗДЕСУ ЖИЫНЫ ӨТТІ

16 мая, 2023
in Жаңалықтар
0
СОЗАҚ: АУДАНДЫҚ АТА-АНАЛАРМЕН КЕЗДЕСУ ЖИЫНЫ ӨТТІ
11
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Созақ ауданында кәмелетке толмағандардың қатысуымен жасалынатын қылмыс пен құқық бұзушылықтың және оқыс оқиғалардың алдын алу бойынша ата-аналармен жергілікті жерлерде кездесу өтті.

Бекітілген жоспарға сәйкес Созақтағы аудандық «Мыңжылқы» мәдениет сарайы мен «Созақ» жалпы орта мектеп-гимназиясының базасында кездесу өткізілді.

Аталған жиынды Созақ ауданы әкімінің орынбасары Қ.Оразов жүргізіп отырды. Жиынға Түркістан облысы білім басқармасының бас маманы Қ.Арап, аудан прокуроры, аға әділет кеңесшісі Е.Қожабеков, Созақ аудандық мәслихатының төрағасы О.Жәмиев, Созақ ауданының білім бөлімінің басшысы Н.Айдаров, Созақ аудандық полиция бөлімі басшысының бірінші орынбасары, полиция подполковнигі Е.Нұрғазиев,, Созақ аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қ.Еспенбетов, ауыл, кент әкімдері, мектеп директорлары, мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, педагог-психологтар, ата-аналар кеңесінің төрағалары, «Әкелер мектебінің» төрағалары, мұғалімдер, ата-аналар және БАҚ өкілдері қатысты.

Жиын барысында спикерлер балалардың қауіпсіздігі мен ата-ана жауапкершілігі жайында баяндама оқыды. Олар қоғамда орын алып жатқан жағдайлар мен мәселенің маңыздылығы туралы өз ойларын ортаға салды. Кездесуге жиналған ата-аналар сұрақтар қойып, өз ұсыныстарын айтты.
Оқушылардың жазғы демалысын тиімді ұйымдастыру, «Жазғы мектептің» ұйымдастырылуы, келесі оқу жылына қандай дайындықпен келу керектігі жөнінде директордың оқу – тәрбие ісінің орынбасарлары таныстырып өтті. Жиын соңында мектеп директоры ата-аналарға оқушылардың қауіпсіздігін естен шығармау, үнемі балаларға ескертіп түсіндіріп отыру керектігін атады. Жиналыс барысында ата -аналарға балалардың жол қауіпсіздігі, судағы қауіпсіздік, өрт қауіпсіздігі, жасөспірімдердер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу, сонымен қатар діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс – қимыл жөніндегі бағдарлама, дәстүрлі емес жат діни ағымдардың жетегінде кетпеу, расталмаған ақпаратттардан сақ болу, таратпау туралы ақпараттар берілді. Жиын соңында мектеп директоры оқу жылы барысында оқу – тәрбие жұмысында белсенділік танытқан сыныптар мен ата-аналарға алғысын білдірді.

Previous Post

ТҮРКІСТАН: “МАҒЖАН ОҚУЛАРЫ” РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ ОБЛЫСТЫҚ КЕЗЕҢІ ӨТУДЕ

Next Post

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: АҒЫЛШЫН ТІЛІН ОҚУШЫЛАРҒА ҮЙРЕТУДІҢ ЖАҢА ӘДІСІ ҚОЛДАНЫЛАДЫ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі