Бүгін Түркістан облысы, Отырар ауданы, Шәуілдір ауылы, Өзбекәлі Жәнібеков атындағы атындағы №4 жалпы орта лицей — интернатының базасында «Мағжан оқулары» республикалық ғылыми — шығармашылық байқауының облыстық кезеңі өтуде.
Байқау 3 номинация бойынша өткізілуде. Олар: «Өлең — менің Шолпаным, Айым, Күнім» — Мағжан шығармаларын жатқа оқу конкурсы, «Жасынан оқу оқып, өнер қуған….» — ғылыми жоба жұмысы, «Ақын да бір бала ғой айға ұмтылған» — жас дарындар конкурсы (өз шығармасын орындау)
Мағжан Жұмабаев қазақтың аса дарынды ақиық ақыны.
Мағжан Жұмабаев поэзия әлеміндегі қайталанбас жарық жұлдыз,қайталанбас құбылыс.Оның қуатты бойға жігер,жүрекке от беретін рухты үні,ізденістері мен жаңашылдығы қазақ әдебиетін 20-шы ғасырдың басында-ақ Еуропа, орыс әдебиетінің биік деңгейіне көтереді;» Өлеңді музыкаға айналдырған,дыбыстан сурет тұрғызған, жаңа өлшеулеп шығарған Мағжанның осындай қасиеттерін, ішкі шығармашылық құдіретін бірден байқаймыз. Тасқыны қатты,тегеуріні берік ұлттық сезім селі ширатыла ширығып барып, екпінін баспаған күйі түркішілдік арнасына құйылды.Халық өлеңдерінің мазмұнынмен бірге оның ырғақ үйлесімін, ішкі рухын, әуезділік әсемдігін жанымен қабылдаған ақын кейде ән күй ғана түсіндіріп алатын сезімдерді сөзбен жеткізеді. Мағжанның ақындық ерекшелігі де,бәлкім осы болар. Қалай дегенде де,Мағжан өзіне дейінгіге де,кейінгіге де ұқсамайдн,өзіндік қолтаңбасы бар ақын.Ол өмірдегі біртұтас құбылыс,көрініс ретінде,ал адамды сол ұлы табиғаттың,жаратылыстың бір туындысы,бөлшегі ретінде қабылдайды.Құбылыстың мәнін кең көлемде,жалпыға бірдей қалыпта тани білу үшін ол, алдымен, не нәрсенің болса да мән мазмұнын бағдарлап,ішкі астарына үңілді. Мағжанды қай тұстан алсақ та, ол нағыз-сыршыл, толғағыш, суретші, сөз ұстасы!
Ақын өзін немесе өзінің лирикалық кейіпкерін ғана емес,айналасындағы жастарды да «арыстандай айбатты,жолбарыстай қайратты» қалыпта көргісі келеді. Халқының болашағы үшін күресетін негізгі күш-жастар. Олай болса,өмір бойы «алаш» ұранын көтеріп кеткен Мағжан үшін жастардың тәрбиесінің, қайраттылығының орны бөлек. Өз өлеңінде ол жастарға үлкен үмітпен қарайды. Жастардың бойынан қыранның қанатындай күштілікті,таза жүрек пен ер мінезді,туған жерге деген шексіз махаббатты көреді. Соған мақтанады. Шабыттана жырлайды. «Мен жастарға сенемін» деп асқақтай сөйлейді. Бірақ біз жастар осы ақын ойын ақтап жүрміз ба?- деген сұрақ көкейде тұрады. Өлеңдегі қайраттылық, рух-жігер, табандылық, әділеттілік, бәрі-бәрі тәрбиеден бастау алады.
Байқау жалынды ақын Мағжан Жұмабаев мұрасын жас ұрпаққа насихаттау және ұлттық құндылықтарды дәріптеу, ақын өмірі мен шығармашылық мұрасын кеңінен таныту мақсатында жүзеге асырылуда. Байрақты бәсекеге 17 ауданнан 48 және мамандандырылған білім беру ұйымдарынан 13, жалпы саны 61 оқушы қатысуда.