13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДЫҚ ОҚУШЫЛАР ӘБІШ ОҚУЛАРЫ БАЙҚАУЫНДА ЖҮЛДЕЛІ ОРЫНҒА ИЕ БОЛДЫ

16 мая, 2023
in Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАНДЫҚ ОҚУШЫЛАР ӘБІШ ОҚУЛАРЫ БАЙҚАУЫНДА ЖҮЛДЕЛІ ОРЫНҒА ИЕ БОЛДЫ
24
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Ақтау қаласында Қазақстанның Еңбек ері, халық жазушысы, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлық иегері, қазақ әдебиетінің классигі Әбіш Кекілбайұлының маңғаз өлкеміз Маңғыстау топырағында еліміздің әр аймағынан жиналған ұлттық әдебиеттің биігіне самғар жас дарындар арасында биылғы мамыр айының 11 – 12 күндері аралығында республикалық Әбіш оқулары» ғылыми – шығармашылық байқауы өтті.

Еліміздің әр аймағанан келген оқушылар мен жетекшілерді теміржол вокзалынан облысымыздың аудан, қаласынан жауапты мамандар салтанатты түрде қарсы алды. «Әбіш оқулары» ғылыми – шығармашылық байқауы 2018 жылдан бастап республикалық деңгейде дәстүрлі түрде тұрақты өткізіліп келеді. Әбіш әлемі – ізгіліктің, адамзаттық гуманизмнің, парасат-пайымның биігінен орын алған өзгеше әлем. Қазақ әдебиетінде ұлы суреткер, публицист, қоғам қайраткері, саясаткер, тарихшы Әбіш Кекілбаевтың шығармаларынан мәнерлеп оқу, зерделеу жоба байқауы, иллюстрациялық сурет салу, сахналық қойылым бағыттары бойынша ұйымдастырылған дүбірлі байқауға 154 оқушы қатысып бақ сынады.

Ақтауда өткен “Әбіш оқулары” республикалық ғылыми-шығармашылық конкурсы өз мәресіне жетті. Байқауға киелі Түркістан өңірінен қатысқан өнерлі өнерпаздар өңіріміздің мәртебесін көкке көтеріп, сүбелі жетістіктерге жетті.

Атап айтар болсақ, оқушыларымыз иллюстрация мен ғылыми жоба саласы бойынша екі жүлделі II орын, жазушы шығармаларынан көрініс пен мәнерлеп оқу саласы бойынша екі жүлделі III орындарды иеленді.

Олар:
ІІ-орын: Иллюстрациялық бағыт бойынша Созақ ауданы, Т.Әлімқұлов атындағы 14 интернат-лицейінің оқушысы Балтабек Шұғыла.
ІІ-орын: Зерделеу жоба бағыты бойынша Ордабасы ауданы, Ынтымақ жалпы орта мектебінің оқушысы Тульбасова Асел.
ІІІ-орын: Мәнерлеп оқу бағыты бойынша Түркістан қаласы, 28 мектеп-лицейінің оқушысы Бердалиева Ақерке.

ІІІ-орын: Сахналық қойылым бағыты бойынша:
Жетісай ауданы, Я.Есенбеков атындағы №59 жалпы орта мектебінің оқушылары.
Сонымен қатар Түркістан облысының командасы Үздік команда деп танылып, 200 000 тенге көлеміндегі ақшалай сыйлыққа ие болды.

Бұл байқаудың басты мақсаты оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту, өз қатарластарымен бірдей мүмкіншілік жағдайда шығармашылық деңгейлерін салыстыру арқылы үздік жеңімпаздардың есімін анықтау және талантты жастардың шығармашылық әлеуетін дамытып, шеберлігін шыңдау. Жазушы шығармаларының кейіпкерлерінің жан дүниесін, күйзелісін, қуанышы мен азабын сахына төрінде көрсету , мәнерлеп оқу немесе ақ қағазда бояумен бейнелеу жеңіл тапсырма емес. Байқауға қатысушылар осы сыннан жастарына қарамай сүрінбей өтті. Әбіш Кекілбаев қазақ шежіресі мен аңыздарына мұқият пайдаланып, халық игілігіне жарата білген. Сол заңғар жазушының зерттеулері көптеген зерттеушілерге үлкен сый болғандығы ақиқат.

Мамырдың 12-і күні байқаудың жабылу салтанаты Ақтау қаласының көрікті жерінде орналасқан «Гранд Нұр плаза» қонақ үйінде өткізіліп, байқаудың таңдалған төрт бағыты бойынша 56 оқушыға I, II, III жүлделі орындармен марапатталды. Жеңімпаз үздіктерге Қазақстан Республикасы Оқу – ағарту министрлігі атынан дипломдарға қоса «Меломан» кітап дүкенінің сертификаттары табысталды.

Previous Post

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: “АЛТЫН САҚА” МАТЕМАТИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ ОБЛЫСТЫҚ КЕЗЕҢІ ӨТУДЕ

Next Post

ТҮРКІСТАН: “МАҒЖАН ОҚУЛАРЫ” РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ ОБЛЫСТЫҚ КЕЗЕҢІ ӨТУДЕ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі