13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮЛКІБАС: БІЛІМ ҰЯЛАРЫНДА «ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ – БАСТЫ МІНДЕТ» ТАҚЫРЫБЫНДА КЕЗДЕСУ ӨТТІ

16 мая, 2023
in Жаңалықтар
0
ТҮЛКІБАС: БІЛІМ ҰЯЛАРЫНДА «ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ – БАСТЫ МІНДЕТ» ТАҚЫРЫБЫНДА КЕЗДЕСУ ӨТТІ
12
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Түлкібас ауданы әкімдігі мен аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен, Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаевпен бекітілген кәмелетке толмағандардың қатысуымен жасалынатын қылмыс пен құқық бұзушылықтың және оқыс оқиғалардың алдын алу бойынша ата-аналармен жергілікті жерлерде кездесудің жоспар кестесіне сәйкес Тұрар Рысқұлов ауылы аудандық мәдениет сарайында және «Жаскешу» ауылдық мәдениет үйі мен Балықты ауылдық мәдениет үйінде кездесу өткізілді.

Аталған жиынды Түлкібас ауданы әкімінің орынбасары Орманов Ербол Керімбекұлы кездесудің мақсат міндеттерімен таныстырып, жүргізіп отырды. Жиынға Түркістан облысы білім басқармасы тәрбие және қосымша білім беру бөлімінің басшысы Маханбетов Жандос Маханбетұлы, Түркістан облыстық ардагерлер кеңесінің өкілі Байғұтов Нышан Тасболатұлы , Түркістан облысының дін істері басқармасының дін мәселелері бойынша зерттеу орталығының басшысы Жорабек Жалғас Мұхтарұлы, Түлкібас ауданы білім бөлімінің басшысы Кадырбек Ержан Изтайұлы, Түлкібас ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі аға инженері, азаматтық қорғау аға лейтенанты Қазбек Мадияр Қанатұлы, Түлкібас ауданы ата-аналар кеңесінің төрағасы Миразизов Мырсалы Фузаилович, ауыл әкімдері, мектеп директорлары, мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, педагог-психологтар, ата-аналар кеңесінің төрағалары, «Әкелер мектебінің» төрағалары, мұғалімдер, ата-аналар қатысты.

Жиын барысында бала құқығы бойынша баяндама оқылды. Баяндамашылар қоғамда орын алып жатқан жағдайлар мен мәселенің маңыздылығы туралы өз ойларын ортаға салды. Қазіргі қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі- балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу , кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу. Бұл мәселе бүгінде көкейтесті мәселелердің біріне айналып отыр. Өрімдей жастардың қылмыс жасауы көз үйренген көрініске айналып , елді елең қылуда. Тәртібі қиын бала есейген сайын қылмыстың ауыр түрлерін жасауға бейімі арта беретінін ескерсек , бұл мәселеге қоғам болып жұмыла жүйелі жұмыс жасау керектігі айтылды. Кездесуге жиналған ата-аналар сұрақтар қойып, өз ұсыныстарын айтты.

Previous Post

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: «ЖАСӨСПІРІМ ЖӘНЕ ЗАҢ» ТАҚЫРЫБЫНДА АТА-АНАЛАРМЕН КЕЗДЕСУ ЖАЛҒАСУДА

Next Post

ТӨЛЕБИ: «БІЛІМ САПАСЫН ҒЫЛЫМИ НЕГІЗДЕ КӨТЕРУ» ТАҚЫРЫБЫНДА ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі