13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: «ЖАСӨСПІРІМ ЖӘНЕ ЗАҢ» ТАҚЫРЫБЫНДА АТА-АНАЛАРМЕН КЕЗДЕСУ ЖАЛҒАСУДА

16 мая, 2023
in Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: «ЖАСӨСПІРІМ ЖӘНЕ ЗАҢ» ТАҚЫРЫБЫНДА АТА-АНАЛАРМЕН КЕЗДЕСУ ЖАЛҒАСУДА
11
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев тарапынан берілген тапсырмаға және кестеге сәйкес, аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен Қ.Жандарбеков атындағы аудандық мәдениет үйінде арнайы кездесу өтті.

Жиынға аудандық білім бөлімінің басшысы Гульнара Тынымбаева, тиісті құзырлы және құқық қорғау органдарының басшылары, белсенді ардагерлер, білім қызметкерлері, ата-аналар және жастар қатысты.

Кездесудің басты мақсаты – әлеуметтік-мәдени ортаны қалыптастыру арқылы балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу. Нақты айтқанда, кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылық пен қылмыс, оқыс оқиғалардың, ертежүктілік пен суицидтердің алдын алу, жасөспірімдердің психологиялық ахуалына талдау, олардың қоғамдағы белсенділігін арттыру, бос уақытын тиімді пайдалану, бала тәрбиесіндегі ата-аналардың және сынып жетекшілерінің, мектеп басшылығының, білім бөлімі мен қоғамның рөлін арттыру.

Кездесуде «Жасөспірім және заң» тақырыбында кәмелетке толмағандардың қатысуымен жасалатын қылмыс пен құқықбұзушылықты және оқыс оқиғаларды алдын алу мәселелері талқыланды. Сонымен қатар, мектеп және отбасындағы бала тәрбиесіне арналған бейнероликтер көпшіліктің назарына ұсынылды.Күн тәртібіндегі мәселеге қатысты спикерлер жастармен атқарылған жұмыстарды баяндады.

Мадияр Мұхтарұлы өз сөзінде:
— Ауданымызда 63 мыңнан астам бала білім алуда, барлығына мемлекет тарапынан жағдай жасалған. Бала құқықығы туралы заңға сәйкес, тегін білім алу, қосымша біліммен қамту, демалу сияқты мәселелер қарастырылған. Бүгінгі таңда 2 қосымша білім беру мекемесі, 1 оқу-өндірістік комбинаты, мектептерде тегін спорт секциялары мен үйірмелер жұмыс жүргізуде. Арыс елді мекенінде жазғы сауықтыру лагері бар. Оқушыларымыз биылғы оқу жылында спорт және өнер саласынан көптеген жүлделі орындарды иеленуде. Жасөсіпірімдердің оқыс оқиғаларға ұшырамай, қылмыс жасамай, қоғамда елге қызмет ететін өскелең ұрпақ тәрбиесі мен жауапкершілігі ата-аналармен қоғам болып, бірлесе жұмыс атқарсақ, өзінің тиісті мақсатында қол жеткізетініне сенімдімін.

Кейінгі кезекте психолог мамандары №16 жалпы Т.Бигелдинов атындағы орта мектептің педагог-психологі Ш.Әбдірахманова және магистр У.Тураева тақырып аясында ұсыныс-пікірлерін айтты.
Шара соңында Сайрам ауданының Құрметті азаматы, ұстаз ардагер А.Қабылбеков кездесуді қорытындылады.

Previous Post

ТҮЛКІБАС: ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘДІС АЛМАСУ СЕМИНАРЫ ӨТТІ

Next Post

ТҮЛКІБАС: БІЛІМ ҰЯЛАРЫНДА «ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ – БАСТЫ МІНДЕТ» ТАҚЫРЫБЫНДА КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі