13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮЛКІБАС: ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘДІС АЛМАСУ СЕМИНАРЫ ӨТТІ

16 мая, 2023
in Жаңалықтар
0
ТҮЛКІБАС: ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘДІС АЛМАСУ СЕМИНАРЫ ӨТТІ
8
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

“JC INNIPOWER FELLOWSHIP FOR TEACHERS” бағдарламасы аясында Гонконг педагогтерімен Түлкібас ауданының білім бөлімінің білім беру ұйымдарының ағылшын тілі пәні педагогтері тәжірибе алмасу шеңберінде халықаралық оқу-әдістемелік семинарын М.Ломоносов атындағы мектеп-гимназиясының базасында өткізді. Семинар барысында Облыстық » Білім беруді дамыту» орталығының директоры Б.Төлімбет сөз бастап қонақтарды таныстырып, «Ең үздік» ауыл мектебінің өмірімен таныс болды.

Семинардың мақсаты — мектеп оқушылары мен білім беру ұйымдарының педагогтеріне әдістемелік қолдау көрсету, үштілде білім беру, тәжірибелік сабақ көрсету.

Семинарда ауданымыздың үздік педагогтері және шетелдік жетекші білікті оқытушыларының Цэ Вай Инь, Кван Чун Тунг , Мис Цанг Яу Юнгтің тілдерді оқытуда өз тәжірибелерінде қолданатын инновациялық технологиялары мен әдістері қатысушылар назарына ұсынылып, тиімділігі екшеленді. Халықаралық тәжірибедегі тілдерді ана тілі және екінші шет тілі ретінде оқыту әдістемесінің алуан тәсілдері көрсетілді.

Семинар қорытындысында білім алушылар мен педагогтерге пікір алмасу, түйткілді сұрақтарға жауап алу мүмкіндіктері болды.

Айта кетсек, елімізде білім саласына ерекше көңіл бөлініп, оқушыларымыздың сапалы білім алуына барлық жағдай жасалып келеді. Егемендік алғалы соңғы 32 жылда ауданымызда 30-дан астам мектеп, 34-тен астам балабақшалар салынып ел игілігіне берілді.

Ал, бітіруші түлектерге мектепте алған жақсы білімнің арқасында өздерінің қалаған жоғары оқу орнына түсіп, елімізге қажетті маман иесі болып, мемлекеттіміздің әлеуметтік – экономикалық дамуына үлес қосатын, дархан жазиралы Ұлы Дала елінің мерейін асыратын азаматтар болуларын тіледі.

Ағымдағы жылы ауданымызда 1354 оқушы мектеп бітіріп отыр. Оның 1179 алдағы өтетін Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысуға өтініш беруде. Бұл жалпы мектеп бітірушілердің 92 пайызын құрады. Мектеп бітірушілердің 58 оқушысы «Алтын белгі» белгісіне үміткерлер.

Previous Post

ОРДАБАСЫ: ОҚУШЫЛАР АРАСЫНДА “ӘКЕ АРМАНЫ” ТАҚЫРЫБЫНДА ШЫҒАРМАЛАР БАЙҚАУЫ ӨТТІ

Next Post

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: «ЖАСӨСПІРІМ ЖӘНЕ ЗАҢ» ТАҚЫРЫБЫНДА АТА-АНАЛАРМЕН КЕЗДЕСУ ЖАЛҒАСУДА

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі