Ордабасы ауданындағы «Игілік» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен аудан көлемінде оқушылар арасында «Әке арманы» тақырыбында шығармалар байқауы ұйымдастырылды. Байқаудың қорытынды кезеңі Ордабасы ауданының мәдениет үйінде өткізілді.
Негізгі мақсат — отбасында әкенің алатын орны, әкенің балаға берер тәрбиесі, әке мен бала арасындағы қарым-қатынасты орнату болып табылады.
Байқаудың қорытындысы бойынша жүлделі орындарға ие болған болған оқушыларға Ордабасы ауданының әкімдігі, мәслихат депутаттары, аудандық білім бөлімінің тарапынан құттықтаулары айтылып, бағалы сыйлықтар табысталды.
Расында, қазіргі таңда жас ұрпаққа жан-жақты білім беру, тәрбиелеу әрбір ұстаздың басты міндеті болып табылады. Жас ұрпақты оқытып — тәрбиелеу үлкен жауапкершілікті, ізденіс пен шыдамдылықты, ұстаздың заман көшіне сай білімнің қыр-сырын терең меңгеріп, жаңа ақпараттық технологиялармен қаруланғанын, жан-жақтылығын талап етеді. Себебі ұстаз алдында заман талабына сай-жеке индивид тұлғаны қалыптастыру міндеті тұр. Жан-жақты қалыптасқан, білім мен тәрбиені қатар тізгіндеген, өмір көшінен өзіндік орын алар тұлғаны тәрбиелеп, қалыптастыру оңай шаруа емес екенін ұстаздың өзі де түсініетіні белгілі. Тұлғаны оқытып, тәрбиелеу ең алдымен отбасы-ошақ қасынан бастау алып, жаңа мектеп табалдырығын аттаған-яғни бастауыш сатыдан басталуы керек.
Шығармашылық – бұл адамның өмір шындығында өзін-өзі тануға ұмтылу, іздену. Өмірде дұрыс жол табу үшін адам дұрыс ой түйіп, өздігінен сапалы, дәлелді шешімдер қабылдай білуге үйренуі қажет. Адам бойындағы қабілеттерін дамытып, олардың өмірден өз орнын табуға көмектеседі.
Шығармашылық жұмыста, әсіресе, бала қиялының орны ерекше. Бұл жөнінде М.Жұмабаевтың айтқан тамаша пікірі бар: «Жаратылыстың құшағында, меруерт себілген көк шатырдың астында, хош иісті жасыл кілем үстінде, күнмен бірге күліп, түнмен бірге түнеріп, желмен бірге жүгіріп, алдындағы малымен бірге өріп, сары сайран далада тұрып өсетін қазақ баласының қиялы жүйрік, өткір, терең болуға тиісті». «Баланың атаға тартуы рас болса, сиқырлы даланың баласы – қазақ баласы қиялқұмар болуға тиісті». Педагог ғалымның айтқанының сөз өнері — әдебиетке тікелей қатысы бар.
абақтарды түрлендіріп өткізудің маңызы ерекше. Шығармашылық сипаттағы сабақтар түрлерін жүйелі ұйымдастыру арқылы оқушылардың танымдық белсенділігі қалыптасып, ұстазы берген ақпаратты, іс-әрекет тәсілдерімен бағалау өлшемдерін қамтитын қоғамдық және ұжымдық тәжірибе тағылымдарын игеріп қана қоймай, оқушы барлық іс-әрекетте шығармашылық бағыт ұстанады, қабілет білігін ұштай түседі. Оқушыларды шығармашылыққа баулудың, өзіндік іс-әрекетін ұйымдастырудың түрлері өте көп.
Білім беру жүйесіндегі маңызды мәселелердің бірі-оқытудың жаңа технологияларын енгізу, халықаралық ғылыми коммуникациялық байланысқа шығу, білім беруді ақпараттандыру болып табылады,- дейді мамандар.