Түлкібас ауданы білім бөлімінің жылдық жоспарына сәйкес, Абай атындағы мектеп-лицейінің базасында «Ғылыми жоба дайындаудың әдіс-тәсілдері мен тиімді жақтарының маңызы» тақырыбында аудандық тәжірибелік -семинар өткізілді.
Семинарға барлық білім беру ұйымдарынан қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері қатысты.
Семинардың мақсаты: Түрлі ғылыми-зерттеу жұмыстарды орындауда оқушылар мен оқытушылардың бірлесе жұмылуының арқасында оқу үдерісі сапасын көтеру.
Тәжірибелік семинарда пән әдіскері Г.Оразбаева, Т.Рысқұлов атындағы ЖОМ-нің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Г.Молдабаева, облыстық мұғалімдер арасында облыстық ғылыми жоба байқауының жүлдегері И.Жансейітова шебер-сынып көрсетсе , ал Б.Садықов атындағы ЖОМ-нің 7-сынып оқушысы Республикалық «Зерде» ғылыми-жоба байқауының II орын иегері Нурунбек Бақдәулет және жетекшісі қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Н.Абишева өз тәжірибелерімен бөлісті.
Семинар барысында ғылыми жоба жұмыстарын жүргізу қадамдары , оқушымен жұмыс жасауда нені ескеру керек, ғылыми зерттеу жұмыстарының кезеңдері, тақырыпты қалай таңдаймыз? т.б. тақырыптар аясында жұмыстар жүргізілді.
Оқушы дарындылығы оның жоғары жүйке саласының туа біткен қасиетімен тығыз байланысты. Адамға белгілі бір қызметті ойдағыдай атқару мүмкіншілігін қамтамасыз ететін қабілеттердің ерекше қиысу қызметтің сол саласында талант деп атайды. Сонымен талантты адам дегеніміз – жоғарғы білікті шығармашылықпен жұмыс жасайтын адам. Дарынды балаларды іздеу, оларды оқыту мен тәрбиелеу қоғам үшін бүгінгі күні өте қажет, себебі дарынды адам басқаға қарағанда көп пайда әкеледі. Әрбір дарынды адам, еңбекке бейім, ол шығармашылық тапқырлықпен жігерлі еңбек етеді.
Сонымен дарынды, таланты бала деп баланың, ата- ананың мектептің үздіксіз еңбегінің жемісін айтуға болады.
Оқыту мен тәрбиелеу процесінде оқушы шығармашылығын дамытудың қажеттілігі қоғам талабынан туындайды. Қоғам қашан да қабілетті адамға мұқтаж болып келген. Қоғам барған сайын күрделене түсуде. Түр сипаты мүлдем бөлек жаңа дәуір туып келеді. Сол дәуірге сай өзгеше қабілет –қасиетке ие жаңа адам пайда болады. Қазіргі кезде мамандық атаулының барлығы бейімділікті, ептілікті, шапшандықты, ерекше ой қызметін, мол шығармашылық мүмкіндікті қажет етеді және өзін қоршаған түрлі жағдайларға тез икемделіп қана қоймай, оларды керекті бағытына шығармашылықпен бұра білу қабілеттілігіне икемдейді.
Осыған орай, ХХІ ғасыр мектептерінде жаңа талап, жаңа заманға сай оқушылардың ғылыми қоғамының жұмыстарының жандандыру – үлкен міндет. Ғылыми қоғамның атқаратын жұмыстары оқушылардың ғылым мен техниканың немесе өнердің бір саласын тереңдетіп оқыту арқылы танымдық белсенділіктері мен шығармашылық қабілеттерін дамытуына зор ықпал етеді.