№39 Л.Жолдасов атындағы жалпы орта білім беру мектебінің ұйымдастыруымен Келес ауданынан шыққан Кеңес Одағының Батыры Лесбек Бәйімбетұлы Жолдасовтың есімі мен ерлігін насихаттау мақсатында, сонымен бірге оқушы жастардың тарихи санасын қалыптастыру, тарих пәні бойынша білім денгейін көтеру мақсатында алғаш рет тарих пәнінен Л.Жолдасов атындағы аудандық олимпиада өткізілді.
Олимпиадаға ауданымыздың 30-дан аса жалпы, негізгі білім беру мекемелерінің 9-сынып оқушылары қатысты. 30 тест сұрақтарына 60 минут ішінде жауап беріп бақ сынасқан дарындылар, олимпиада қорытындысы бойынша батыр ұрпақтарының тағайындағаг қаржылай марапаттарына ие болды.
Олимпиаданың басты мақсаты тарих пәнінен оқушылардың білім деңгейін шыңдау, олимпиадалық резерв оқушыларын дайындау болып табылады.
Олимпиаданың мақсаты – оқушылардың Қазақстан тарихы пәніне деген интеллектуалды-шығармашылық қабілеттерін айқындау және дамыту, дарынды оқушыларды қолдау, оқушылардың тарих пәнін тереңдетіп оқуына, өткен тарихымызды қастерлеуге, пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Айта кету керек байқауға келген оқушылар және олардың ұстаздары, аудандық білім бөлімінен келген әдіскерлер мен қонақтар Л. Жолдасовтың өмірі мен қызметі, ерлігі туралы деректі фильм, тарихи-сахналандырылған көрініс көріп, тың мағлұматтарға қанықты.
Олимпиада алдағы уақытта жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылмақ. Айта кетсек, осыған дейін Түркістан өңірінің оқушылары тарих пәнінен республикалық олимпиадада жүлделі орыннан көрінген. Биылғы республикалық додада Түркістан облысы, №130 жалпы білім беретін орта мектептің оқушысы Кадир Алтынай – 3 орын.Ұстаз есімі ұлықталған білім бәйгесінде жеңімпаздар мен жүлдегерлер дипломдармен, қаржылай сыйақымен марапатталған еді. Олимпиадаға қатысушылардың барлығына Алғыс хаттар мен сертификаттар табысталған болатын.