13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістан облысы: ТҮЛЕКТЕР ҮШІН СОҢҒЫ ҚОҢЫРАУ СОҒЫЛДЫ

1 июня, 2023
in Жаңалықтар
0
Түркістан облысы: ТҮЛЕКТЕР ҮШІН СОҢҒЫ ҚОҢЫРАУ СОҒЫЛДЫ
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгін аудан әкімі Арман Абдуллаев пен бөлім басшысы Дәулет Анасұлы «№1 М. Әуезов атындағы мектеп-гимназиясының» бітіруші түлектерін арнайы барып, мерекемен құттықтады. Салтанатты іс-шараға ауданымыздың үлгілі ақсақалы Рақымберді Оспанов, әжелер алқасының төрайымы Күлшат Мәуленова, зейнеттегі ұлағатты ұстаздар, ата-аналар және мектеп-гимназия ұжымы және бітіруші түлектер мен оқушылар қатысты.
— Қымбатты мектеп бітіруші түлектер! Сіздерді алда үлкен сынақ күтіп тұр. Ұлттық бірыңғай тестілеуді жақсы тапсырып, өздеріңіз қалаған оқу орнына түсіп, ел игілігі үшін еңбек ететін маман болуларыңызға тілектеспін! Ел сенімін, ата-ана үмітін ақтаймын деген талаптарыңызға нұр жауып, алдарыңыздан болашақтың даңғыл жолы ашылсын! Ақ жол, аяулы түлектер!, -деп аудан басшысы Арман Абдуллаев түлектерге ізгі тілектерін айтып, құттықтады. Осы орайда, аудан әкімі мектеп-гимназиясының бірқатар мұғалімдерін алғыс хаттармен мараппатады.
Білімді бәрінен биік қоятын елдің болашағы жарқын, келешегі кемел болмақ. Сондықтан да, елімізде жастардың заман талабына сай сапалы білім алуына барлық жағдай жасалып отыр. Жас ұрпақ мемлекет тарапынан көрсетіліп отырған осы қамқорлық пен жауапкершілікті терең сезініп, әрқашан сенім биігінен шыға білулері қажет.
Биылғы 2022-2023 оқу жылында аудан бойынша 11-сыныпты 3093 түлек бітірсе, үздік білімдері үшін «Алтын белгі» белгісіне 158 бала және 228 түлек «Үздік аттестатқа» үміткер атанып отыр. Жалпы биылғы оқу жылы аудан бойынша сәтті аяқталды. Ұстаздарымыз бен оқушыларымыз республикалық, облыстық олимпиадаларда топ жарып, үздік нәтижелер көрсетті. Олар сапалы білім, саналы тәрбие берген ұстаздардың еңбегін аялап — өсірген ата — аналарының үмітін ақтап, жүзден жүйрік шығып, «Алтын белгі» иегері атануда. Бұл – мектеп бітірушілер үшін де, ұстаздар мен ата — аналар үшін де қуанышты, салтанатты сәт.
Биылғы жылғы түлектер түрлі деңгейдегі білім бәсекесіне қатысып, жақсы жетістіктерге жетті. Сөйтіп, олар ауданымыздың білім саласындағы беделінің артуына өзіндік үлестерін қосты.

Previous Post

АРЫС: ХАЛЫҚ АҚЫНЫ МҰХТАР ШАХАНОВ СОҢҒЫ ҚОҢЫРАУ ШАРАСЫНА ҚАТЫСТЫ

Next Post

ТҮРКІСТАН: ОРДАБАСЫ АУДАНЫНДА МЕКТЕП АШЫЛДЫ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі