13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

АРЫС: ХАЛЫҚ АҚЫНЫ МҰХТАР ШАХАНОВ СОҢҒЫ ҚОҢЫРАУ ШАРАСЫНА ҚАТЫСТЫ

1 июня, 2023
in Жаңалықтар
0
АРЫС: ХАЛЫҚ АҚЫНЫ МҰХТАР ШАХАНОВ СОҢҒЫ ҚОҢЫРАУ ШАРАСЫНА ҚАТЫСТЫ
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгін қоғам қайраткері, еліміздің ең жоғары марапаты «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын алған рухты ақын Мұхтар Шаханов Арыс қаласына арнайы келіп, Байырқұм ауылында орналасқан өз атындағы мектепте өткен «Соңғы қоңырау» салтанатты шарасына қатысты.

Қала әкімі Гүлжан Құрманбекова мен мектеп түлектері, ұстаздар және ата-аналар қауымы қатысқан жиын білім ауласындағы ашық аспан аясында ұйымдастырылды.

Байырқұмдық ағайын ауылдағы орта білім мектебіне таңмен таласа жиылыпты. Барлығының күткені ұлы ақынмен дидарласу. Поэзияның самғау шыңында тұрған тұлғаны білім ұясын 20 жыл бұрын бітірген түлектер арнайы шақырыпты. «Бұлттан биік болсам да, ұлттан биік болмаспын» деген ақын шақыруды қуана қабыл алып келген. Жасы сексеннен асса, жаны жас күйіндегідей ғалам ақыны ауыл адамдарының алдында рухты өлеңдерін өзіндік ерекше мақамына салып оқып берді.

Шаһар басшысы Мұхтар Шахановтың тағылымды ғұмырынан сыр шерте отырып, «Отанды сүю – отбасынан басталатынын» тәптіштей келе, мектеп – идеологияның қайнар көзі екенін жеткізді.
«Мектепте Мұхтар ағадай алып тұлғалардың тағылымын естіп, дәрісін тыңдап өскен бүгінгі өскелең ұрпақтың ұлты үшін қандай сыннан да сүрінбей өтуге дайын болатындығы ақиқат,» – деген ол заңғар тұлғаға шынайы алғысын білдіріп, құрмет көрсетті.

Шара барысында Мектеп фойесінде орналасқан «Ұлт тілін ұлықтаған» тақырыбындағы М.Шахановтың бұрышы таныстырылды. Мектеп оқушылары ақын шығармаларынан үзінділер оқып, көріністер қойды. Берекелі ауылдың мектеп ұстаздары ақын сөзіне жазылған «Арыс жағасында» әнін нақышына келтіріп орындап, қошеметке бөленді.

Бұдан бөлек аталған білім ордасынан 20 жыл бұрын бітірген мектеп түлектері сөз сөйлеп, халық ақыны мен қала әкіміне алғыстарын білдірді. Ақынды арнайы алдыртқан жиырма жылдық түлектер өздері білім алған мектепке 3 000 000 теңгеге демеушілік жасаған. Бұл қаражатқа білім ұясының алаңқайы толық тас тротуармен жабылып, тозығы жеткен оқу үстелдері жаңартылыпты. Игі бастаманың басы-қасында жүрген жандар білім ұясына алдағы уақытта тағы да демеушілік жасау ойымызда бар дейді.

Кездесуде жиылған жұрт жазушының иығына шапан жауып, батасын алды. Сондай-ақ қарымды жазушы соңғы шығармалары жинақталған еңбегін мектеп кітапханасына сыйға тартты.

Previous Post

ТҮРКІСТАН: «БАЛ ТАҢДАЙ» ОБЛЫСТЫҚ БАЛАЛАР ӨНЕР ФЕСТИВАЛІ ТАЛАНТТАРДЫҢ БАҒЫН АШТЫ

Next Post

Түркістан облысы: ТҮЛЕКТЕР ҮШІН СОҢҒЫ ҚОҢЫРАУ СОҒЫЛДЫ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі