13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ОРДАБАСЫ АУДАНЫНДА МЕКТЕП АШЫЛДЫ

1 июня, 2023
in Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН: ОРДАБАСЫ АУДАНЫНДА МЕКТЕП АШЫЛДЫ
10
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгін Қараспан ауылдық округіне қарасты Мақташы ауылында С.Исабеков атындағы 200 оқушыға лайықталған мектеп ашылды. Білім ошағының ашылуына және оқу жылының аяқталуына орай ұйымдастырылған шараға аудан әкімі Нұрбек Бадырақов арнайы қатысып, құттықтау сөз сөйледі.
Негізгі шарадан соң аудан әкімі, ауылдың ақсақалдары, ардагер ұстаздар мен сала мамандары, қуанышқа ортақтасуға келген ауыл тұрғындары жаңа мектептің ішін аралап көрді. Өз кезегінде аудан басшысы естелік журналға тілегін жазып қалдырды.

Мектептің құрылысы 2021 жылдың шілде айында басталған. Қаралған қаржы көлемі – 840 млн. теңге.
2022-2025 жылдары ауданда жалпы 10 557 орынға арналған мемлекеттік 13 мектеп (7200), жеке меншік 8 мектеп (3357) салынып, пайдалануға беріледі деп жоспарлануда.

Айта өтсек, Түркістан облысы бойынша «Жайлы мектеп» ұлттық жобасына Түркістан облысынан 63 мектеп енгізіліп, бекітілген еді.

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасын орындау мақсатында «Жайлы мектеп» ұлттық пилоттық жобасын іске асыру шеңберінде 2023-2025 жылдары Түркістан облысында 63 мектептің (жобалық қуаттылығы – 57300 орын) құрылысын салу жоспарланған. Оның ішінде: 300 орындық 11 мектеп, 600 орындық 16 мектеп, 900 орындық 17 мектеп, 1200 орындық 8 мектеп, 1500 орындық 5 мектеп, 2000 орындық 6 мектеп салынбақ. Қазіргі таңда 55 мектеп салынатын жер учаскесіне меншік құқығын беретін мемлекеттік актісі алынған, қалған жер телімдері бойынша жұмыс жүріп жатыр. 2024 жылы жалпы 29 мектептің, 2025 жылы 34 мектептің құрылысын аяқтау межеленген. Білім нысандарының құрылысы «Samruk-Kazyna Construction» АҚ бірыңғай операторы арқылы жүзеге асырылады.

2022 жылы Түркістан облысында 54 мектептің құрылыс жұмыстарын жүргізуге 20,3 млрд теңге қаржы қаралған. Облыстық Қаржы және мемлекеттік активтер басқармасының басшысы А.Тасыбаевтың айтуынша, облыс бойынша 2022 жылдың 25 қарашасындағы дерекке сәйкес, жергілікті бюджетке түсетін салықтар мен басқа да түсімдердің жоспары 92,6%-ға орындалған.

Previous Post

Түркістан облысы: ТҮЛЕКТЕР ҮШІН СОҢҒЫ ҚОҢЫРАУ СОҒЫЛДЫ

Next Post

ТҮРКІСТАНДА «ЕЛІМ-АЙ» ДАСТАНЫНА 300 ЖЫЛ ТОЛУЫНА АРНАЛҒАН ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі