13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шардара: «Жолың болсын, жас түлек!» салтанатты шарасы өтті

1 июня, 2023
in Жаңалықтар
0
Шардара: «Жолың болсын, жас түлек!» салтанатты шарасы өтті
Share on FacebookShare on Twitter

Шардара ауданының адами әлеуетті даму бөліміне қарасты №12 жалпы орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2022-2023 оқу жылындағы бітіруші түлектермен «Жолың болсын, жас түлек!» соңғы қоңырау салтанатты мерекесі өтті. Салтанатты шараның шымылдығы еліміздің Әнұранымен ашылды. Мектеп – мол қазынасы мөлдіреп жатқан, сол мөлдір әлемнен өзіне керек асыл мен жауһар секілді баға жетпес, «білім» деген байлықты алып, өміріңе нәр беретін алтын ұя.
Салтанатты жиын жүргізушінің әдемі өлеңдерімен басталып, «Мектебім» әнімен мектеп бітіруші түлектер мен 20 жыл бұрын бітірген түлектер ортаға шақырылды.

Салтанатты жиынның алғашқы құттықтау сөзін мектеп директоры Д. Тулепов алып, өз сөзінде 1 маусым балаларды қорғау күні мерекесімен құттықтап, әрбір сәбидің тыныштығын қорғау, тәтті ұйқысын бұзбау, алаңсыз күлкісін тоқтатпау деген сөз. Ендеше барлық балаларды төл мерекелерімен құттықтаймыз. Болашақ ұрпақ әрқашан бейбітшілікте өмір сүруіне және елін, жерін қорғайтын азаматтар болып өсуіне тілектеспіз! Еліміздің болашағы — сіздердің қолдарыңызда. Сондықтан әр кезде терең білім алу жолында жалықпай, талмай, ізденіп, ел тізгінін ұстайтын азамат болуларыңызды, алдағы ұлттық бірыңғай тестте жоғары нәтиже көрсетіп, биіктен көрінулеріне шын ықыласын білдіріп, оқу жылында ғылыми жарыстарға, спорттық шараларға, пән олимпиадаларына қатысқан ұстаздар мен оқушыларға дипломдар мен Алғыс хаттар тапсырды. Келесі құттықтау сөз салтанатты жиынның құрметті қонағы аудан әдіскері М. Мінайдарова, ата-аналар комитетінің төрайымы Қ. Абдиеваға сөз беріліп жылы лебіздері мен ізгі тілектері тыңдалды.

Сонымен қатар ардагер ұстаздар, ата-аналар, мектеп бітіруші түлектер шара барысында құттықтау сөз сөйлеп, ізгі лебіздерін білдірді. Мектеп түлектері үздік оқушыларымыз Сабит Аяулым мен Сағындық Нұрмахан өздерінен кейінгі өсіп келе жатқан іні-сіңілдеріне өсиеттерін оқып, білімнің алтын кілтін 10 сыныптың үздік оқушылары Сахова Аяулым мен Сабитхан Әуезханға тапсырды.
20 жылдық түлектер ұстаздарға, бітіруші түлектерге өз тілектерін білдіріп, ақ жол тіледі. Кезекшілік ұйымдастырылып, ешқандай тәртіп бұзушылық болған жоқ.

Жоспарланған іс-шаралар бойынша толығымен атқарылып, өз нәтижесін берді.

Previous Post

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: “БҰЛ ОҚУ ЖЫЛЫ ЖАҢА ЖОБАЛАРМЕН ДЕ ЕРЕКШЕЛЕНДІ”

Next Post

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: БАЛАБАҚШАДА МЕРЕКЕЛІК ІС-ШАРА АТАЛЫП ӨТТІ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі