13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: “БҰЛ ОҚУ ЖЫЛЫ ЖАҢА ЖОБАЛАРМЕН ДЕ ЕРЕКШЕЛЕНДІ”

1 июня, 2023
in Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: “БҰЛ ОҚУ ЖЫЛЫ ЖАҢА ЖОБАЛАРМЕН ДЕ ЕРЕКШЕЛЕНДІ”
Share on FacebookShare on Twitter

Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінде ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік идеологияны қалыптастыруда халықтың кітап оқу дағдысын қалыптастыруды мектептерден бастап қолға алуды тапсырған болатын. Аталған тапсырманы орындау мақсатында 2020-2025 жылдарға арналған «Білім беру ұйымдарының кітапханаларын перспективалық дамыту» жөніндегі Жол картасы әзірленді. Осы ретте «Оқуға құштар мектеп – оқуға құштар ұлт» ұлттық жобасын атап өткім келіп отыр.
үркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының қолдауымен, «Білім беруді дамыту орталығы» КММ директоры Бақытжан Төлімбеттің тікелей бастамасымен өткен «KitapХАН@» кітап оқу жарысы «Оқуға құштар мектеп – оқуға құштар ұлт» республикалық ұлттық жоба аясында ұйымдастырылды.

Мақсат – әр мектепті оқуға құштар ұйымға айналдыру, білім беру ұйымдарының ұстаздары, колледж оқытушылары және ата-аналардың кітап оқуға деген құштарлығын арттыру, оқушылар арасында кітап оқу мәдениетін қалыптастыру, шығармашыл әлеуетін арттыру.

Осы ұлттық жоба аясында Түркістан облысының білім саласы оқушылар мен мұғалімдерді кітап оқуға ынталандыратын инновациялық KitapХАН@ облыстық жобасы тұрақты жүргізіп келеді. Яғни, KitapХАН@ жобасы – оқырманның кітап оқуға қызығушылығын арттыратын механизмін жасап шықты. Жобаға қатысушы мұғалімдер мен оқушылардың үлесі артып отыр.

2023 жылы жоба арнайы сайтқа тіркелу арқылы жүзеге асырылуда. Бүгінгі таңда сайтқа жалпы 2054 оқырман тіркелді, оның 397-сі педаготер, 1657-сы оқушылар. Биылғы жылғы нәтижесі шығарылып топ жарған 8 ұстаз, 4 оқушы арнайы сыйлықтарын алды (ноутбуктер мен велосипедтер) (өткен 2021-2022 оқу жылында аталмыш жобаға 168 кітапханашы мен педагогтер, 200-ге жуық 5-10 сыныптар оқушылары қатысқан еді).

Жобаның тиімділігі мектептердегі кітапхана оқырмандарының саны жылдан жылға артып келеді. (Анықтама: PISA оқу сауаттылығы өте жоғары Эстонияда әр отбасында орташа есеппен 80-90 кітаптан болады. Қазақстан ОЭСД дерегі бойынша оқу сауаттылығы орташадан төмен).
«Оқуға құштар мектеп» жобасын жүзеге асыру мақсатында облыс бойынша 55 мектепте демеушілердің көмегімен «Коворкинг» орталығы ашылды. Көркем әдебиетке 378 млн 717 370 т бөлініп, сатып алу жұмыстары жүргізілуде.

Мектеп кітапханаларының кітап қорын жаңалап, толықтыру мақсатында «Кітапханаға кітап сыйла!» атты акциясы ұйымдастырылып, қазіргі таңда 37 мыңға жуық көркем әдебиет жинақталды.

Previous Post

ТҮЛКІБАС: СОҢҒЫ ҚОҢЫРАУ СОҒЫЛДЫ

Next Post

Шардара: «Жолың болсын, жас түлек!» салтанатты шарасы өтті

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі